18-23 сәуір аралығында Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 сәуір 2017 г.
382
0
«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы ұйымдастырған «Қаржылық сауаттылық апталығы» акциясы өз мәресіне жетті. Бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін апта бойы шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталған бағдарламалар жөнінде ақпараттық семинарлар ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 сәуір 2017 г.
928
0
Саналы ұрпақ өсіріп, саналы білім мен тәрбие беру баршамыздың ортақ парызымыз. Ұстаздың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы өлшемдер. Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөздері еске түседі. Осы бір аталы ұғым Ұстаздар қауымы үшін басты ұстаным болуы шарт.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2017 г.
537
0
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға 16 сәуірдегі зымыран сынағы үшін жаңа санкциялар салатынын ескертті. 20 сәуірде кеңес мүшелері бірауыздан КХДР-ды айыптады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2017 г.
528
0
Сәрсенбі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2016 жылдың есебі бойынша жария талқылау өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2017 г.
590
0
Шұғылалы күн сүйген орақтары, Күз береке, қырманға жол аттады. Қызу майдан көркіне дүбірлеген, Үн қосты ақ күріштің сабақтары.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2017 г.
821
0
Тарих бұл фактілердің жиынтығы ғана емес, тұтастай бір халықтың өмірі, тыныс – тіршілігі, өткені мен бүгінінің зердесі. Жылнамалар желісін сымға тізіп, тарихтың ақтаңдақ беттерін ақтарсақ, ел басынан небір зұлмат заман да, нәубет жылдар да өткенін аңғару қиын емес. Елімайлаған қазақтың басынан не өтпеген деп іштей күйзеле қарайсың. Иә, сақтардан санасын бекітіп, ғұндардың ғұпын сақтап, түркілердің дүниетанымын алған халық еді бұл. Арабтардың діни жүйесін меңгеріп, ислам ілімінде аты алысқа жайылған, дана да дара тұлғаларды дүниеге әкелген жатыр еді бұл. Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Шу, Талас өңірінде туын тіккен хандық еді бұл. Қасымның тұсында жерін кеңейтіп, жоңғар қатынасында Алқакөл сұламаға айналып, Ресейден ынтымақ іздеп, 350 жыл орыстың отары болған жер еді бұл.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 сәуір 2017 г.
631
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы көпшілік талқысына түскелі біршама уақыт өтті. Сарапшылар рухани өміріміздің барлық саласын қамтыған мақаланы Мәңгілік елдің мақсат-мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін айқындап берген ұлт жадының тұғырнамасы, тарихи құжат деп бағалады. Жақында «Сыр бойы» газетінің редакциясы Елбасы көтерген мәселелерді ой ора¬мынан өткізіп, талқыға салу үшін «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Басқосуға эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Болат Боранбай, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана директорының орынбасары Бақытнұр Мырзахметова, «Мұрагер» мектебінің мұғалімі Алтынай Есжанова қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 сәуір 2017 г.
1 512
0
Тұран топырағының даңқты перзенті Жалаңтөс Баһадүр есімін ұрпақ жадында мәңгі есте қалдыру, өнегесін ұрпақтарға ұлағат ету мақсатында Жібек Жолы көшесінде батырға арналып ескерткіш орнатылған болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 сәуір 2017 г.
898
0
1963 жылдың соңғы айы. Сенбілік кеш. Қызылорда пед¬инс¬титу¬тының үшінші курсында оқимын. Аядай бөлмеде елегізіп отыра алмадым. Бірге тұратын Кенебай дос (бұл күнде ол ғылым докторы) аяқ астынан ауылына барып келетін болып «Алматы–Мәскеу» пойызына түс қайта отырған-ды. Оны жолға шығарып салғасын тіп-тіке пәтеріме келдім. Сырт киімімді шешініп тастап, шиқылдақ темір керуетке шалқамнан түсіп Ілияс ақынның атақты «Құлагер» поэмасын жаттауды одан әрі жалғастыруға кірістім.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 сәуір 2017 г.
1 517
0