
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға 16 сәуірдегі зымыран сынағы үшін жаңа санкциялар салатынын ескертті. 20 сәуірде кеңес мүшелері бірауыздан КХДР-ды айыптады.
АҚШ дайындаған құжат жобасында Ресейдің жағдайды "диалог" арқылы бейбіт түрде реттеу қажеттігі жөніндегі ұсынысы есепке алынған.
КХДР-ға қатысты мәлімдеменің алғашқы нұсқасына Пхеньянның одақтасы Қытай қолдаса да, Мәскеу қарсы болған.
20 сәуірде Солтүстік Корея АҚШ-ты "супер қуатты бомбамен атқылап, елдің күл-талқанын шығарамыз" деп қатер төндірген.
Мұндай мәлімдеме КХДР-дың мемлекеттік баспасөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Пхеньянды келіссөзге шақыру үшін, қысым көрсету керек деген сөздерінен кейін жарияланды.