Тоғызқұмалақтан командалық ел чемпионаты аяқталды

Тоғызқұмалақтан командалық ел чемпионаты аяқталды18-23 сәуір аралығында Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты өтті. 
Оған еліміздің 8 облысынан тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасып, ұлттық ойынды ұлықтады. Нәтижесінде командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші  – Қызылорда, үшінші орындарды Павлодар облыстарының спортшылары иеленді. 
Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, кубоктармен марапатталды. 
Ұлттық құрама штаттар дирекциясының тоғызқұмалақтан бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаеваның айтуынша, Қазақстан құрамасы  26 сәуір – 2 мамырда Түркияда өтетін халықаралық жарысқа және 5-12 мамырда Бішкекте болатын Орта Азия кубогына қатысады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2017 г. 382 0