1991 жылы қыркүйекте, Кеңес өкіметінің құлдыраған шағында Оралда казактар бас көтерді. Олар ештеңеге қарамастан орыс билігіне қызмет еткеніне 400 жыл толуын кеңінен атап өткісі келді. Орталықтан шеткері, тыныш жатқан қала көшелерінде қатарынан үш күн сап түзеп жүрді. Өздері суық қаруланған. Алайда, казактар одағының бар ойы – автономия құру, Орал облысын саяси-құқықтық жолмен бөліп алу еді. Өйтпеген күнде қарулы күреске барудан да тайсалмайтын болып шықты. Қазақтың тұтастығына сызат түсірерлік оқиғаны сол кезде облыстың ұлттық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрахмет Ералы күні кешегідей еске алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
1 044
0
Біздің облыста басқа өңірлермен салыстыр¬ғанда геологтар¬дың қауымдастығы бірлесе жақсы жұмыс істейтінін ерекше атап өтуге болады. Олардың қатарында жер қойнауынан тіршілік нәрі – суды, қара алтын –мұнайды, көгілдір отын – газды, атом өндірісінің өзегі – уранды және басқа да пайдалы қазба байлық түрлерін іздеу¬шілер топтасқан. Аймақтағы жер қойнауын барлаушыларда кәсіптік мерекесін бірлесіп өткізу дәс¬түрі қалыптасқан. Мейрам кезінде ардагер геологтарға сый-құрмет көрсетіліп, еңбегімен көзге түскендер марапаттарға ие болып жатады. Сонымен бірге, мекемелер өзара байланыстарын арттырып, тәжірибелерімен бөліседі. Жыл сайын осы саладағы бір компания кезегімен мерекелік шараны ұйымдастыруды міндетіне алады. Міне биылғы жылы бұл міндет «KAZPETROL GROUP» ЖШС еншісіне тиіп отыр. Сондықтан да осы компанияның бас геологы Александр Приваловпен кездескенімізде аталған компанияның саладағы атқарып жатқан жұмыстарына қанығуды мақсат тұттық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
775
0
«Сыр бойы» газеті тілшісінің сауалдарына «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы Қызылорда бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев жауап береді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
1 055
0
Еліміздің өңірлері мен Ресей Федерациясының ірі қалаларында ЭКСПО-2017 халықаралық маман¬дандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады. Өткен жылдың желтоқсан айында елордадағы «Керуен», «Хан Шатыр», «MEGA Park», «MEGA Центр Алматы» ойын-сауық орталықтарында және одан ертерек 15 «Меломан» сауда желісінде, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ 981 бөлімшесінде ресми түрде билет сатыла бастаған еді. Ал ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 17 ресми билет сату кассалары ашылды. Айта кетейік, көрменің ашылуына тура бір жыл қалғанда – 2016 жылдың 10 маусымынан бастап билеттердің онлайн-сатылымы басталған болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
419
0
Өткен жылы Қызылорда облысында компьютерді пайдаланушылар үлесі (6 жастан жоғары) жалпы халық санының 79,7%-ын құрады, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
571
0
Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк төрінен көрінді. Бұл туралы продюсер Алпамыс Шаримов желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
578
0
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – еліміздің тарихи белесіне бағыттаған баянды бас¬тама. Осы маңызды құжаттың бүге-шүгесін Сыр өңірінің әрбір азаматына, әрбір отбасына жете түсіндіру, жаңашыл қадамы туралы түсінік беру – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 наурыз 2017 г.
697
0