Халық пен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептi кездесу екендігі белгілі. Өйткені, мұнда халық өңірдің дамуы, экономикалық жетістіктері мен әкімдердің алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден хабардар болып, өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
651
0
Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың жұртшылыққа жылдық есеп беру жиыны онан әрі жалғасуда. Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев ауылындағы жүздесуде бау-бақша өсіру жайы әңгіме өзегіне айналды. Мұның себебі де бар. Ауыл тұрғындарының атағы көпшілікке бағбандықпен жақсы мәлім. Өткен жылы азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Айтбай» учаскесінен 75 гектар қауын-қарбыз, 15 гектар картоп, 40 гектар көкөніс, тағы басқа дақылдар еккен ауыл халқы ойдағыдай өнім алған еді. Сол игі дәстүр биылғы жылы да жалғасын таппақшы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
817
0
Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун және Дауылкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, негізгі салалардағы оңды өзгерістерді, атқарылған жұмыстарды, туындаған мәселелерді атап өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
723
0
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақтан басталып, «Болашақ» университетінде жалғасқан «Алаугерлер эстафетасына» қатысушылар түс ауа қаладағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының алдына жетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
724
0
Салық заңдылығына енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Қызылорда қалалық кірістер басқармасының ұйымдастыруымен осы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті. Қызылорда қалалық кіріс басқармасы басшысының орынбасары Ашраф Жүсіпов жүргізген семинар-кеңеске облыс орталығындағы мекемелер мен бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
900
0
PDF
28 қаңтар 2017 г.
680
0
Бүгін Қызылордада 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың алауы жағылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
772
0
26-27 қаңтар күндері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация шекаралас өңірлермен ынтымақтастық байланыс мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасында болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 877
0
"Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі – көптен күткен, толғағы жеткен шешім». Осылай жазу бұрыс болмайды. Бұрыс болмайтыны – Үндеудің халықтың көкейіндегі оймен үндестік табуында, дер кезінде жариялануында.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 937
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті халықаралық жоба бойынша жылыжай жұмысын жүзеге асырғалы он жылдан асты. Жыл сайын қызанақ, қияр, болгар бұрышымен қоса, түрлі гүлдер өсіріліп, одан жиналған экологиялық таза өнім жоғары оқу орнының 9 асханасына таратылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 886
0