Өңір басшысы Өзбекстанда болды

Өңір басшысы Өзбекстанда болды26-27 қаңтар күндері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация шекаралас өңірлермен ынтымақтастық байланыс мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасында болды. 
Жұмыс сапары Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың Самарқанд қаласындағы Шахи Зинда кесенесіндегі бейітіне гүл шоқтарын қоюдан, сондай-ақ даңқты қолбасшы, жерлесіміз - Жалаңтөс Баһадүрдің кесенесіне тәу етуден басталды. Делегаттар бірқатар кәсіпорындарды аралап, кәсіпкерлермен және  жергілікті компания басшыларымен келіссөздер жүргізді. 
Осыдан соң Қырымбек Көшербаев Самарқанд облысының әкімі Химмат Окбутаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қызылорда және Самарқанд облыстарының арасындағы өндірістік және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын  талқылады. 
Ал, Науаи облысына сапар бағдарламасы Нұратадағы Әйтеке би мемориалдық кешеніне барудан басталды. Онда қазақ мәдени орталығының белсенділерімен кездесу өтті. 
Жұмыс сапары қызылордалық кәсіпкерлер мен Науаи облысы іскер топтарының қатысуымен өткен бизнес-форуммен жалғасты. Өзбекстан тарапы қонақтарға 2008 жылы құрылған «Науаи» еркін индустриалды-экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды. «Науаи» еркін индустриалды-экономикалық аймағында салықтық, валюталық және кедендік преференцияларды қамтитын ерекше құқықтық режим жұмыс істейді. Сонымен қатар аумаққа көлікпен келіп кету, Өзбекстан Республикасының тұрғылықты емес азаматтары үшін еңбек етуге рұқсат берудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. Бұдан бөлек, «Науаи» еркін индустриалды-экономикалық аймағындағы кәсіпорындар жоғары деңгейлі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 
Өңір басшысы Өзбекстанда болдыҚырымбек Көшербаев пен Науаи облысының әкімі Кабул Турсунов өнеркәсіп және  ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын  талқылады. 
27 қаңтар күні делегаттар Ташкент қаласындағы Төле би және Әмір Темір кесенелеріне гүл шоқтарын қойды. Қырымбек Көшербаев Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының орынбасары Содик Сафоевпен, сондай-ақ Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен, Өзбекстан астанасындағы бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынның басшыларымен кездесті. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында Қырымбек Көшербаев бүгінде мемлекетіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен шетелдік инвесторларға жеңілдіктер преференцияларын  ұсынып отырғандығын атап өтті.
- Олар – кедендік баж салығынан босату, мемлекеттік гранттар ұсыну, салық және  инвестициялық субсидия бойынша жеңілдіктер беру. Ал жергілікті билік өз кезегінде өндіріс орындарына жер телімдерін бөлу мен қажетті инфрақұрылым жүргізуге кепілдік береді. Өз кезегінде біз агрөнеркәсіп  секторы, азық-түлік, электротехника, құрылыс және автомобиль өнеркәсібі салалары бойынша  Өзбекстан тәжірибесіне сүйенгіміз  келеді,- деді Қырымбек Көшербаев. 
Сапар қорытындысы бойынша қол жеткізілген  келіссөздердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірлескен аймақаралық жұмыс топтары құрылды. 
Өңір басшысы Өзбекстанда болды
Өңір басшысы Өзбекстанда болды
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2017 г. 1 853 0