Универсиада алауы Қызылордада

Универсиада алауы ҚызылордадаБүгін Қызылордада 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың алауы жағылды.
Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақтан бастау алды. Эстафета алауы маңына жиналған көпшілік әуелі шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Салтанатты шараны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашты. Аймақ басшысы ел спортының бағындырған биіктерін атап өтті. XXVIII қысқы Дүниежүзілік Универсиаданы өткізу Қазақстанды әлде де жалпақ әлемге таныта түсетін жетістік екендігіне тоқталды.
- Әлем жұрты көз тіккен Универсиаданың сәтті өтуіне тілек қосамыз. Бұл айтулы шарада жастық пен достық жеңеді деген ойдамыз, - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің лебізінен кейін XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада гимні ойнатылды. Сыр жеріндегі Универсиада алауының жағылу салтанаты елімізге белгілі жеңіл атлет, Универсиада дирекциясының өкілі Өмірсерік Бекеновтің алауды облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа тапсыруымен түйінделді. Алауды алып жүру құрметіне ие болған азаматтар легі «Болашақ» университетінде қарай жол тартты. Шараның бірінші кезеңінде олар «Болашақ» университетінің алдында мәреге жетіп, эстафетаның екінші кезеңі түстен соң «Ақмешіт» институты алдында жалғасты.
 
 
Универсиада алауы Қызылордада
Универсиада алауы Қызылордада
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2017 г. 767 0