«Әлсейіт» көпірі салынады

«Әлсейіт» көпірі салынадыҚазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың жұртшылыққа жылдық есеп беру жиыны онан әрі жалғасуда. Кеңес Одағының Батыры  Үрмәш Түктібаев ауылындағы жүздесуде бау-бақша өсіру жайы әңгіме өзегіне айналды. Мұның себебі де бар. Ауыл тұрғындарының атағы көпшілікке бағбандықпен жақсы мәлім. Өткен жылы азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Айтбай» учаскесінен 75 гектар қауын-қарбыз, 15 гектар картоп, 40 гектар көкөніс, тағы басқа дақылдар еккен  ауыл халқы ойдағыдай өнім алған еді. Сол игі дәстүр  биылғы жылы да  жалғасын таппақшы. 
Осы тұрғыда аудан басшылығы тарапынан бақшалық жерді қор¬шау,  өңдеу, аяқсу жеткізуге нақ¬ты қолдау көрсетілетін болады. Бұл мақсатта бюджеттен бақшалық жерлерді қоршау жұмыстарына материалдар сатып алуға және қажетті техникалармен қамтамасыз етуге  қаржы бөлінді. 
Округте кәсіпкерлік айтарлық¬тай дамыған. Олардың қатарында серіктестік, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлік нысандары бар. Ауыл  орталығында 5 бірдей аралас заттар дүкені,  наубайхана және бірнеше  кафе халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы жолға қойылған. 
Нажмадин Шәкизадаұлының «Әлсейіттен көпір салынады» деген лебізін Майдакөл ауылдық округінің тұрғындары зор қуанышпен қабылдады. Дарияның арғы жағалауында орналасқан бірнеше ауылдың халқы ұзақ жылдардан бері өзен үстіндегі қалқымалы көпірді пайдаланып келгені көпке аян. Көктемгі-күзгі абыржыда әбігерге түсетін ағайынның мұндай көріністен ығыры шыққаны анық. Енді тығырықтан шығар жол табылды.  «Жаңа көпір құрылысын бастауға республикалық және облыстық бюджеттен 550,0 млн теңге бөлініп отыр», – дейді аудан әкімі. 
Өткен жылы «Рза-Агро» ЖШС мен «Аймаханов» шаруа қожалығы тарапынан  егілген күріштен  орта есеппен 51 центнер өнім алынды. 
Қазалыда апатты жағдайдағы мектептер мәселесі шешілген. 2016 жылы 5 жаңа білім ошағының құрылысы басталса, биыл мектеп құрылыстарын аяқтауға қаржы бөлінген. Соның бірі – Ақжона ауылдық округінде 200 орындықты мектептің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Округте «Айзат», «Азамат-1», «Ботабай» шаруа қожалықтары мал басын көбейту жұмыстарымен, «Нұртаза-Бек», «Аман», «Оспанов» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен тұрақты айналысып келеді. «Айзат» шаруа қожалығына БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы күн-жел генераторы арқылы электр энергиясын өндіретін қондырғы мен тәулігіне 150 метр су тұшытатын аппарат алынып, Аралды құтқару қоры арқылы шахталы құдық қазылып, пайдалануға берілді. Кез¬десуде ауыл тұрғындары ө第¬дерінің ризашылықтарын жет¬¬кізді. Есепті жиынға облыс¬¬¬тық ауыл шаруашылығы бас¬қар¬-мବсының басшысы Бахыт Жаханов қатысты.

Аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың халық алдындағы есепті кездесуі Жанқожа батыр ауылында өтті. Батыр баба атындағы іргелі қоныс аудандағы ең көрікті ауыл саналады. Түп-түзу асфальт көшелер, әсем саябақ, еңселі нысандар, түнгі жарықпен қамтылған келбеті баба ұрпақтарының бақуатты тұрмысын аңғартады. Ауылда кәсіпкерлікпен айналысып, шаруасын дөңгелентіп отырған іскер жан көптеп саналады.
Жұмыссыздықты азайту мақсатында ауыл тұрғындары арасында жанұялық кооператив жұмыстары ұйымдастырылуда. Өткен жылы Қонысбай Ниеталы мал шаруашылығымен айналысу үшін 2,5 млн теңге несие алса, Г.Әл¬жан ауылшаруашылық өнімдерін өн¬діру мақсатында кооператив құру үшін құ¬жат-тарын рәсімдеуде. Сондай-ақ, «Фарида», «Ш.Жалғасбаев», «Құлан», «Т.Рзақұл» ШҚ «Сыбаға» бағдарламасымен, Т.Еріш «Өңір¬лерді дамыту қоры» арқылы несие алуға қол жеткізген. Ауылдық округте 26 шаруа қожалығы мал өсірумен қатар, мал азығын дайындап, өздерінің тіршіліктерін қамтамасыз етуде.
Жұртшылық алдында есеп берген аудан, ауыл әкімі, аймақтық полиция инспекторы атқарылған істер, алдағы міндеттерді мұқият баяндап шықты.
Осындай есеп беру кездесуі Ақтан батыр ауылында да көрініс тапты. Ауылда бірқатар мәселе шешімін тапқан. Өткен жылы Ақтан батыр ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен  40,1 млн теңге қаржы бөлініп, толымды жұмыс жасалған болатын. Оған қоса, 267 тұрғын үйге инвестициялық бағдарламалар есебінен 72,0 млн теңгеге сервистік ауызсу желісі жүр¬гізілді. Округке қарасты «Шеңгелді» учаскесінен облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев басқаратын «Сыр маржаны» ЖШС-ның  500 басқа арналған мал бордақылау алаңын 3000 басқа кеңейту жұмыстары атқарылуда.Мұндағы жүздесу барысында жұртшылық тарапынан қойылған сауал-ұсыныстарға  толыққанды  жауап қайтарылды. 
Абай ауылында «Жасыл желек» жасау мақсатында жұмыстар жүргізіліп, батыс беткейдегі  үйлерге аяқсу беру мәселесі шешілуде. Тұрғындар «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырының қызметін пайдаланады.  Ауылдағы барлық 190 үй сервистік желі арқылы таза ауыз сумен қамтылған. Биылғы жылы шаруа қожалықтары жанынан жылыжай кешенін ашуға, ауыл  кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басын қосып, кооператив құруға тиісті жұмыстар жүргізілуде.   Жұбан елді мекені мен алыс орналасқан жекелеген үйлерге,   шаруа қожалық үйлеріне байланыс жүйелері  орнатылған. 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2017 г. 813 0