Облыстық білім басқармасы, "Дарын” ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңінде кіл мықтылар іріктеліп, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына арналған республикалық турнирге жолдама алған болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2016 г.
544
0
Математикадан тұңғыш қазақ профессоры атанған Әлімхан Ермеков атындағы І республикалық олимпиада қорытындыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2016 г.
557
0
PDF
15 қараша 2016 г.
702
0
Сыр елінің өнерпаз балғындары Грузия мемлекетінің Фазаси қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде табысты өнер көрсетіп, жүлделі оралды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2016 г.
591
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі үш мәселенің алғашқысы, яғни, қысқы мезгілдегі төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановтың хабарламасы тыңдалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2016 г.
702
0
Ұлдананың бос уақыты бола бермейді. Қолөнерді дамытуды қалайтын маман қолы қалт етсе, тігін мәшинесіне отырады. Киім, сөмке, керек десеңіз, перденің түрлі үлгілерін ұлттық нақышта қиюластырады. Матасын, түсін таңдайды. Өз ісін сүйіспеншілікпен атқарып, бір-екі күн ішінде тапсырыс берушінің сұранысына сай дүние жасап шығарады. Қолынан іс келетін шебердің кестелеп тіккен әсем дүниелері бүгінде дүйім жұрттың кәдесіне жарап отыр. Балабақшадағы қызметімен қатар ісмерлікті қоса алып жүрген Ұлдананың өнері көпке үлгі десек, артық айтқанымыз емес.
ҚОҒАМ
15 қараша 2016 г.
1 697
0
Жуырда, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Азаматтарға арналған үкімет” КЕ АҚ "Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаменті облыстық қан орталығымен бірлесіп "Жүректен жүрекке” атты қайырымдылық акциясын өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2016 г.
653
0
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аймақта өтетін мәдени- көпшілік шаралар 16 қараша. Қоғам қайраткері А. Айдосов атындағы көшенің ашылу салтанаты, Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданы, сағат 10:00.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қараша 2016 г.
557
0
Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың міндеттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады.
АҚПАРАТ
15 қараша 2016 г.
1 284
0
Абылай Айдосов ағамызбен 1980 жылы КОКП-ға кандидат болып қабылданғанда таныстым. Сол жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Абылай Хангерейұлының кабинеті қаламыздың орталық алаңындағы ғимараттың екінші қабатында орналасқан болатын. Кабинетіне кіргенде орнынан тұрып, жылы жүзбен қабылдаған Абылай Хангерейұлы жағдайымды, денсаулығымды сұрап, жұмыс істеп жүрген «РМЗ» ұжымындағы жағдайды білгісі келіп қызығушылық танытты. Әңгімелескеннен кейін маған өз қолымен партия билетін табыстап, есікке дейін шығарып салды. Содан 18 жыл өткесін тағдыр екеумізді Қызылорда облысындағы екі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ы.Жақаев атындағы Агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты қосылғаннан кейін қайта табыстырды. Сол уақыттан бастап ағамызбен бірге бір факультетте, бір кафедрада қызмет етіп, болашақ тарихшы мен археолог-этнолог мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс бердік.
ТАҒЫЛЫМ
15 қараша 2016 г.
1 131
0