
Математикадан тұңғыш қазақ профессоры атанған Әлімхан Ермеков атындағы І республикалық олимпиада қорытындыланды.
Қарағанды қаласында өткен жас математиктер сайысына облыс атынан №9 және №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары қатысқан болатын. Есепке жүйріктер арасынан жерлестеріміз ерекшелене алды. Олимпиада қорытындысы бойынша Нұрдәулет Сейілханов қазылар алқасының шешімімен ІІІ дәрежелі дипломға лайықты деп танылды. Досжан Тұрар, Флюра Тілеміс, Ділназ Қадыр да өздерін дәлелдеп, арнайы сертификаттар иеленді. Осылайша 2 күнге созылған білім бәйгесінде олар сенімді ақтап, болашағынан зор үміт күттіретін оқушы екендіктерін көрсетті.