Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың міндеттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады.
– Жұмыс орнын ауыстыру кезінде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болды, МӘлМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті жұмыс істей ме?
– Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы салым жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘлМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен бірге 3 айға жасалатын салымдарды төлеу міндеттемесі (қарыз) сақталады.
– Жеке зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің анализ тап¬сыруға жұмсалған шығыстарымды төлей ме?
– Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер зертхананың емханамен жасалған келісімшарты болса, ал емхананың медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарты болса, олар Сізге тегін болады.
– Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады?
– Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заң¬намаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдың 15-жұлдызынан кешіктірмей Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған салымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты Қордың бөлімшелерінен, МЗТО, ХҚҚО, e-gov порталында және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады.
– Қай уақыттан бастап адам МӘлМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі – еңбек шартын жасаған кезде ме, әлде жұмыс беруші бірінші салымды аударған кезінде ме?
– Медициналық сақтандыру қорына салымды аударған сәттен бастап.
– Ерікті медициналық сақтандыру сақтала ма? Қызметтер МӘлМС-ке немесе ҚМС-ке қосарланады ма?
– Ерікті медициналық сақтандыру жойыл¬майды. МӘлМС пакетіне кірмейтін бөлек ме¬ди¬циналық қызмет түрлері ҚМС арқылы тө¬лене алады. Мысалы, ересектерге арналған стматология, зиянды өндірістерде жұмыс істей¬тін жұмыскерлер үшін міндетті мерзімде қаралу, шипажайлық-курорттық емдеулер және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қа¬лауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байла¬нысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘлМС пакетінде қызметтерді қосарланбайтын ҚМС қызметтер пакетін таңдай алады.
– Науқас емханаға процедура кабинетіне, емдейтін дәрігер белгілеген процедураларды орындау үшін шприцтерді өз есебінен сатып алып, өзімен бірге әкелуге міндетті ме?
– Жоқ, Сіз ТМККК және МӘлМС шеңберінде медициналық көмек алсаңыз, олар медициналық ұйымдарда бар болуға тиіс.
– Мысалы, адам үшін мемлекет салым төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына көшеді. Үзілістер немесе екі еселік сақтандыру болмайды ма?
– Екі еселік сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз мәртебені ауыстырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыссыз болып, одан кейін мәртебеңізді ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады.
– Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?
– Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бір¬дей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерге жауапты. Алайда бұл сұрақ Заңның жаңа редакциясында қаралуда жатыр.
– Сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмекке егулер жата ма?
– Профилактикалық егулер барлық ел азаматтарына арналған мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің базалық пакетіне кіреді (ТМККК).