
Облыстық білім басқармасы, "Дарын” ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңінде кіл мықтылар іріктеліп, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына арналған республикалық турнирге жолдама алған болатын.
Шымкент шаһарында биыл 11-мәрте ұйымдастырылған турнирде жерлестеріміз жеңісті қолдан бермеді. Турнир нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы ІІ орынды иеленді. Ал жекелей сында 13 жастағы қыз балалар тобында Са¬мал Абдуали І орынды, ер балалар тобында Мейіржан Бармағамбетов ІІІ орын иеленді. 17 жас аралығында Сақыпжамал Бармағамбетова ІІ орынға, Әсел Серікбай ІІІ орынға көтерілді.
Айта кету керек, №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарова дайындаған.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.