Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2016 г.
710
0
Күлкінің түрі көп. Ақ жарқын күлкі, адал күлкі, риясыз күлкі. Теріс пиғылдағы адамдар зымиян күлкіге, түлкі күлкіге, өтірік күлкіге, арсыз күлкіге салады. Әйтеуір, толып жатыр. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, ерекше күлкінің иесі 70 жасты толтырып отыр. Осы жасқа дейін өзі күліп қоя салмай, жұртқа талай мәрте ішек түйілдіретін сәт сыйлаған сатириктің аты-жөнін айтсақ – Қазыбек Әшірбекұлы. Бірнеше кітаптың авторы, бәленбай республикалық сыйлықтардың иегері. Оның бәрін тізіп отыруға газеттің мүмкіндігі көтермейді, сондықтан негізгі әңгімеге көшейік.
ТАҒЫЛЫМ
15 қазан 2016 г.
1 041
0
«Сыр медиа» ЖШС ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында «Туған өлке келбеті» тақырыбында шығармашылық байқау жариялайды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2016 г.
1 101
0
Жақында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Мұстафа Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты ұлы күрескердің мұрасын зерделей отырып, оның өміршең идеяларын насихаттау болып табылады. Осыған байланысты жаңа айдарда саяси ғылымдарының докторы, профессор, орталықтың ғылыми кеңесшісі Әбдіжәлел Бәкірдің «Мұстафа Шоқай және тәуелсіздік» атты мақаласын ұсынып отырмыз.
ТАНЫМ
15 қазан 2016 г.
1 308
0
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары. Студенттердің өмірі қыж-қыж қайнаған ҚазМУ қалашығы. Сабағы мен сауығы қатар серпілген студент жастардың жиі жүздесетін жаз айы. Жатақхана алдындағы бірен-саран орындық босай қоймайды, босаған күнде де қыздарға қиып жіберетін жігіттер жапатармағай жинала қалады. Мұндайда өнерге деген жақындығы, етене ерекшелігі бар филология, журналистика, тарих факультеті студенттері әдеттегідей ән-жырдан жарыса кетеді. Бірі гитараға, бірі домбыраға қосылып, кейде дуэт, кейде трио болып, шырқай жөнеледі. Көбінше орындалатыны – Шәмшінің әндері.
РУХАНИЯТ
15 қазан 2016 г.
945
0
Елбасының тапсырмасына сәйкес аймақтар арасындағы кооперациялық байланыс нығая түсті. Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында 13-15 қазан күндері Сыр жерінде Ақтөбе облысының күндері өткізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2016 г.
1 051
0
Жастың аты жас қой! Кеше Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына бардық. Зал толы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» пьесасын сахналады. Қоюшы режиссері – Жүргеновті биыл ғана бітіріп келген Ақтөре Оразалы есімді жерлесіміз. Жастық қолтаңбасы бірден байқалады. «Немен бітер екен?» деген ойдың жетегінде тұңғиығына тартып әкетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 қазан 2016 г.
1 530
0
Ауыл деп аталатын қазақтың қарашаңырағында берекелі тірліктің бастауына айналған қаймана қазақтың дінге де көзқарасы алабөтен емес. Әрбір елді мекеннің төрінен имандылық ордасына айналған мешіт үйлері бой көтерген. Жамағат жұма сайын және діни мерекелерде мешіт табалдырығын аттап, айқара құшақ жая бір-бірін қарсы алып жатады. Осы тұста елге ақыл айтар ақсақалдармен қатар жүретін ауыл имамдарының беделі жайлы сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 қазан 2016 г.
920
0
Осы аптада «Мұз айдыны» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ел чемпионатының бірінші туры басталды. Тартысты бәсекенің ашылу салтанатында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев сайыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 қазан 2016 г.
513
0
Аманкелді ауылдық округінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында жырау Рахмет Мәзқожаевтың 135 жылдығына орай «Алдаспан жырдың жампозы» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Шараны Сырдария аудан әкімдігі мен облыстық халық шығармашылығын дамыту продюсерлік орталығы ұйымдастырды. Айтысқа Астана, Шымкент қалалары мен облыс, аудан орталықтарынан келген жас ақындар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 қазан 2016 г.
595
0