“АҚБҰЛАҚ” АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШТЫ

Елімізде халықтың таза суға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында "Ақбұлақ” бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Өткен жылы осы бағдарлама аясында облыс бойынша барлық 262 елді мекеннің 185-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл осы бар елді мекендердің 71 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылғанын көрсетеді. Соның ішінде Су ресурстары комитетінің тікелей қаржыландыруымен құрылысы 2010 жылы басталған Арал ауданының ашық және тасымал ауыз суын пайдаланып келген Райым, Құмбазар, Ақшатау, Есқіұра, Қызылжар, Шөмішкөл, Үкілісай, Бекбауыл секілді сегіз елді мекенін Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу жұмыстары аяқталды. Соның арқасында орталықтандырылған ауыз суға қосылған елді мекендер саны да артты.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 1 004 0

ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ОҢДЫ ӨЗГЕРІСТЕР

2014 жылғы 1 жартыжылдығында Қызылорда облысында өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 605,0 млрд. теңгені құрады. Қазақстан Республикасындағы облыстың жалпы өңірлік өнім үлесі 3,9 пайызды құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,3 пайыздық тармаққа төмен.
ДӘУЛЕТ 11 қараша 2014 г. 955 0

Жанар-жағармай бағасы тұрақты

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 10 қарашадағы жүргізілген мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 811 0

ТЕКСЕРУ АЗАЙҒАНЫМЕН, ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ТӨМЕНДЕМЕЙ ТҰР

Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының биылғы жылғы тоғыз айда атқарған жұмыс қорытындысына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына облыстық басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 831 0
Жылы сөз – жанға қуат

Жылы сөз – жанға қуат

Мәслихаттың қалыптасу кезеңінде еңбек еткен Ерғали Сансызбаев ағамыз бүгінде 70-тен асқан қария. ҚР Мәслихаттарының 20 жылдығы мерейтойына байланысты ардақты ардагер Ерғали ағамызды облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мэлс Қосмамбет пен облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаевпен бірлесе отырып үйіне іздеп барды. Мэлс Назарұлы ардагер ағамызды мерейлі мерекемен құттықтап, «Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан мәслихаттарына-20 жыл» медалімен марапаттады. Көрсетіп жатқан мұндай құрметке ақсақал балаша қуанып, ризашылығын білдіріп жатты. Сәлден соң Ерғали аға өз өмір жолын еске түсіріп, баяндап берді.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 1 010 0
“Күзгі ағаш көшеттері”

“Күзгі ағаш көшеттері”

8-қараша күні облыс көлемінде «Күзгі ағаш көшеттерін отырғызу» акциясы өткізілді. Игі шараға облыстағы 24 басқармадан 500-ге жуық қызметкер қатысты. Сондай-ақ акцияға «Сыр медиа» серіктестігінің ұжымы да атсалысты.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 967 0

Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

Кеше Астанада Қызылорда қаласында салынатын тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру мәселесі шешімін тапты. Жобаны жүзеге асыруға байланысты Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Еуропалык қайта құру және Даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман және Қызылода қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ахатов үш жақты алдын ала келісімге қол қойды.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 839 0

Елбасы Германияның федералдық сыртқы істер министрін қабылдады

Елбасы Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы сөз қозғалды.
АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 792 0
ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІНДЕГІ ТОЛАҒАЙ ҚУАНЫШ

ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІНДЕГІ ТОЛАҒАЙ ҚУАНЫШ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданындағы жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Бас-аяғы бір күннің беделінде ауданда бірнеше нысанның пайдалануға берілуі көпшілік көңілінен шыққан жағымды жаңалыққа айналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 1 503 0
Ақтөбеде әуеледі сыр сазы

Ақтөбеде әуеледі сыр сазы

Сыр елімен іргелес жатқан Ақтөбе жері – қазақ даласының тарихы бай, келешегі кемел өлкелерінің бірі. Қара қазан, сары бала қамы үшін атқа қонған батырлар мекені. Сөз ұстартып, өнер таратқан ақындар, аузы дуалы, сөзі уәлі билер шыққан қасиетті топырақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 11 қараша 2014 г. 1 087 0