« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
8-қараша күні облыс
көлемінде «Күзгі ағаш көшеттерін отырғызу» акциясы өткізілді. Игі шараға
облыстағы 24 басқармадан 500-ге жуық қызметкер қатысты. Сондай-ақ акцияға «Сыр
медиа» серіктестігінің ұжымы да атсалысты.
Қоршаған ортамызды көркейту мен көгалдандырып, экологиясын жақсартуды мақсат тұтқан шараның ұйымдастырылуына облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасы мұрындық болды. Қызылорда қаласының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі дайындаған 1000 ағаш көшеті сенбілікке қатысушыларға таратылды. Ал олар әуежайға барар жолдың жиегіне жағалай егіп шықты. Осындай акция облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағында, барлық ауданда да бір мезетте ұйымдастырылды.
Акцияға белсене қатысып жүргендердің бірі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев: «Осындай сенбіліктердің арқасында қаламыз таза, әсем болады. Сондықтан бүгін біздің басқарманың қызметкерлері ауызбірлік көрсетіп, түгелдей дерлік келіп, ағаштар отырғызуда. Тіпті, «біз егеміз» деп көшеттерге таласып жатырмыз. Бұл іс болашақ ұрпаққа және жеріміздің жасыл желекке айналуына аса қажет», – деді.
Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері Гүлзат Аманжолова да сүйікті шаһарының көгалдандыруға үлес қосып жүргеніне қуанышты екенін жеткізді.
Дәурен ОМАРОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |