ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ОҢДЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Жалпы өңірлік өнім

2014 жылғы 1 жартыжылдығында Қызылорда облысында өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 605,0 млрд. теңгені құрады.

Қазақстан Республикасындағы облыстың жалпы өңірлік өнім үлесі 3,9 пайызды құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,3 пайыздық тармаққа төмен.

2014 жылғы 1 жартыжылдығында Қызылорда облысында жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 814,0 мың теңгені құрады.

Өнеркәсіп өндірісі

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 96,7 пайызды құрады. Өндірістің кемуі облыстың Қызылорда қаласы және Қармақшы ауданында байқалды. Облыстың басқа өңірлерінде өндіріс көлемінің өсуі тіркелді.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 95,9 пайызды құрады. Өндірістің кемуі мұнай қорларының азаюы есебінен болуда.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 0,7 пайызға өссе, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру 5,7 пайызға артты. Атап айтқанда, ет, балық, сүт, нан, күріш өнімдерін өндіру қарқын алып келеді.

Өңдеу өнеркәсібіне жататын жиһаз, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда оң өзгерістер бар. Жаңадан резеңке бұйымдарын шығаратын «Казкаучук» ЖШС іске қосылды. «Азоваралагромаш» ЖШС ауыл шауашылығы техникаларын шығаруда.

Сондай ақ, облысымызда химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласы жолға қойылып келеді. Осы сала бойынша «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылын шығарса, «ШНС» ЖШС биоотын, «Байкен-U» уранды өңдеумен айналысуда.

Ауыл шаруашылығы

2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 35,9 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1пайызы жоғары болды. Жан басына шаққанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 48,5 мың теңгеден келеді.

2013 жылы облыс бойынша 7823,2 гектар жерге картоп егіліп, 124,1 мың тонна картоп жиналды. 2012 жылмен салыстырғанда егілген картоп көлемі 7,4 пайыз, жиналған өнім 1,1 пайыз төмен болғанымен, 1 гектардан алынған түсім 2012 жылмен салыстырғанда 6,9 пайыз жоғары болып, 158,7 центнерді құрады. Жан басына шаққанда 167,8 кг. келді.

Мал шаруашылығы

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал бастары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал саны 5,0 пайызға көбейіп, 263,4 мың басты, жылқы 9,4 пайызға көбейіп (86,3 мың басты), түйе 3,7 пайызға көбейіп (35,7 мың басты) құрады. Ал қой мен ешкі 5,5 пайызға азайып (609,4 мың басты), шошқа 17,2 пайызға азайып (2,6 мың басты), құс 19,2 пайызға азайып (97,8 мың басты) құрады. Ірі қара малы барлық аудандарда, жылқы малы Жаңақорған ауданынан басқа барлық аудандарда көбейген.

Қой – Жаңақорған, Қармақшы және Шиелі аудандарында кеміген, ешкі – Қазалы, Сырдария және Қызылорда қаласынан басқа барлық аудандарда мал бастары кеміген.

Қызылорда облысы түйе малының саны жөнінен Маңғыстау облысынан кейінгі 2-ші орында тұр (Маңғыстау-48160 бас, Қызылорда-35703 бас).

Облыс бойынша халықтың жан басына шаққанда ет өнімі тірідей салмақта – 29,0 кг., сиыр сүті 78,0 кг. өндірілді.

Ішкі сауда

2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек сауданың көлемі 122,4 млрд.теңге немесе өткен жылға 123,4 пайызды құрады. Республика бойынша бұл көрсеткіш 112,2 пайыз. Халықтың жан басына шаққанда тұтыну тауарлары 164,3 мың теңгеге сатылды.

Облыс бойынша көтерме сауда 85,8 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңінің деңгейінен 28,3 пайызға өсті.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтер көлемі 8,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 26,9 пайызға өскен.

Өзара сауда

2014 жылғы қаңтар-шілдесінде Кеден Одағы елдерімен өзара сауда 38,2 млн. АҚШ долларды құрап, 2013 жылғы қаңтар-шілдесіне қарағанда 15,9 пайызға азайды, оның ішінде экспорт пен импорт 10 пайызға және 16,6 пайызға төмендеді. Импорт көлемінің төмендеуі кәсіпорындардың негізінен тауарларды ішкі нарықтан сатып алуынан орын алды. 2014 жылғы қаңтар-шілдеде барлық экспорт көлемі және импорттың 98 пайызы Ресей Федерациясына тиесілі. Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде машиналар, жабдықтау, транспорттық құралдар және аппараттар (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 49 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,1пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (10,4 пайыз), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (10,1 пайыз), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (5,6 пайыз), минералды өнімдер (4,4 пайыз), әкелінді.

Көлік

2014 жылдың қаңтар–қыркүйегінде Қызылорда облысындағы көлік қызметі бойынша жүк тасымалдау көлемі 70,6 млн. тонна жүкті құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары болды.

2014 жылдың 9 айында облыстың автомобиль көліктерімен 209,2 млн. жолаушы тасымалданды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,0 пайызға өскен.

Байланыс

2014 жылғы қаңтар-қыркүйегінде жедел деректер бойынша облыстың байланыс кәсіпорындары 3,6 млрд. теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2013 жылғы осы кезең көлемінен 3,3 пайызға көп. Халыққа көрсетілген байланыс қызметтерін өткізуден түскен табыстар 2,3 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы көлемінен 2,4 пайызға жоғарылаған.

Туризм

2014 жылғы қаңтар-маусым айларында облыс бойынша тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын субъектілердің барлық саны 62-ге тең болды, өткен жылдың осы кезеңінен 11 бірлікке өсті. Облыс бойынша 2014 жылдың қаңтар-маусымында қызмет көрсетілгендердің саны 18 999 адамды құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға өскен.

Жыл басынан орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 410,3 млн. теңгені құрады (2013 жылы қаңтар-маусымында – 367,6 млн. теңге).

Тұрғын үй құрылысы

2014 жылғы қаңтар-қыркүйегінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 198,1 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5 пайызға өсті, оның ішінде 176,6 мың шаршы метрі жеке тұрғындармен салынды. Тұрғын үй құрылысына 13,6 млрд. теңге салынды.

Негізгі капиталға инвестициялар

2014 жылғы қаңтар-қыркүйегінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі бағалау есебімен, 198,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тиисті деңгейімен салыстырғанда 13,4 пайызға кем.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (39,8 пайыз), көлік пен қоймалау (30,0 пайыз), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (7,1 пайыз) тиесілі.

Құрылыс

2014 жылғы қаңтар-қыркүйегінде құрылыс жұмыстарының көлемі бағалау есебімен 64,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 34,0 пайызға кем.

2014 жыл басынан 1402 жаңа ғимарат салынды, олардан 1365-і тұрғын үй және 37-сі тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар. Ағымдағы жылдың тоғыз айында 10 мектеп, 4 мектепке дейінгі мекеме, 12 амбулаториялық мекеме іске қосылды.

Бизнес тіркелімі

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 8590 бірлікті құрады.

Өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 6,9 пайызға, жұмыс істейтіндер 8,3 пайызға артқаны байқалады.

2014 жылғы 1 қазан айында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6160 бірлікті құрады, одан 5505 бірлік – шағын кәсіпорындар. Белсенді заңды тұлғалар – 4496 бірлік, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 3843 бірлік. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны құрылысқа келеді, оның үлесі 18,2 пайызды, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне 17,8 пайызды, білім беру 10,3 пайызды құрады, осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 46,3 пайызын құрайды.

Шағын және орта бизнес мониторингі

Статистикалық тіркелім деректері бойынша 2014 жылғы 1 қазаңына облысымызда шағын және орта бизнестің 5614 кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылдың кезеңіне қарағанда 4,6 пайызға жоғары.

Тіркелгендердің 66,4 пайызы (3726 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2439 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 65,4 пайызы) белсенді болды.

2014 жылдың 1 қазаңына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27,8 мың бірлік құрап 6,9 пайызға өсті.

Баға

2014 жылдың қыркүйегін 2013 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі 106,3 пайыз құрады.

Азық-түлік тауарлары бағасы 5,0 пайызға, азық-түлік емес тауарлары– 7,0 пайызға, ақылы қызметтер 7,0 пайыз жоғарылағаны байқалды.

Азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі нан және жарма өнімдеріне 7,9 пайыз, оның ішінде күрішке 31,5 пайыз, макарон өнімдеріне 17,8 пайыз, жарма өнімдеріне 5,8 пайыз; сүт, ірімшік және жұмыртқаға 2,5 пайыз, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдерге 6,9 пайыз, алкогольсіз сусындарға 7,6 пайыз, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдеріне 9,1 пайызға байқалса,жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге 2,4 пайызға төмендеуі белгіленді.

Азық-түлік емес тауарларының ішінде баға киім және аяқ киімге 5,4 пайыз, жиһаз, үй тұрмысының заттары, кілемдер және еденге арналған басқа да жабындарға 7,4 пайыз, тұрмыстық құралдарға 11,3 пайызға, бензин 9,3 пайыз жоғарылады.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй жайлар қызметтері су, электрэнергиясы, газ және отынның өзге де түрлерінің бағасы 10,1 пайыз, оның ішінде электрэнергиясы 4,4 пайыз, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газ 95,6 пайызға көтерілді.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы облыс бойынша орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерінің ең төменгі тұтыну мөлшерінен есептеп шығарғанда, 2014 жылғы қыркүйегінде 18 361 теңгені құрап өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 13,4 пайызға жоғарылады.

Оның ішінде, тамақ өнімдері – 11 016 теңге, азық – түлік емес тауарлар және ақылы қызмет көрсету – 7 345 теңге).

Демографиялық ахуал

2014 жылдың 1 қыркүйегіне Қызылордалықтардың жалпы саны 749,5 мың адамды құрады, ал гендерлік тұрғыда 1000 әйелге 998 ерден келеді.

2014 жылдың қаңтар-тамыз айында Қызылорда облысында туылғандар саны 13581 адамды құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 368 адамға көбейді. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,05-тен 27,30-на көбейген.

2014 жылдың қаңтар-тамыз айында облыста өлім көрсеткіші 3068 адамды құрап, 96 адамға көбейді (2013 жылдың қаңтар-тамыз айында 2972 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,08-ден 6,17-не көбейген.

Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын жаңа өскіндер аурулары алады (15,1 пайыз).

Ал, өзін-өзі өлтіргендер саны 2014 жылдың қаңтар-тамыз айында 42 адам болып, бұл көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-тамызымен (96 адам) салыстырғанда 2 есеге азайған.

Осы кезеңде 1000 тұрғынға туғандар санының көрсеткіші облыста 27,30 болды, бұл көрсеткіш Республикада – 23,13. Облысымыз Республика бойынша Маңғыстау (31,84), Оңтүстік Қазақстан (30,13), Астана қ. (28,57), Атырау (28,46) облыстарынан кейінгі бесінші орында. Облыс бойынша 1000 адамға шаққанда табиғи өсім 21,13 болып, (Республикада - 15,41) Республикадағы облыстар арасында бесінші орында. Облыста туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығы 2013 жылы 70 жасты құрады, ерлер – 66 жыл, ал әйелдер – 75 жыл. (Өткен жылдармен салыстырғанда артты, 2009 жылы – 67 жас, 2011 жылы – 68 жас).

Қылмыстылық

2014 жылдың қантар-қыркүйек айында облыстың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 2938 адамды анықтады, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,3 пайызға көбейген, қылмыстық жауапкершілікке 1312 адам тартылған, бұл 2013 жылғы тиісті кезеңнен 11,0 пайызға азайған. Қылмысы әшкереленген адамдардың 18,7 пайызын – әйелдер, мемлекеттік қызметті атқарушылардың үлесіне 2,1 пайыздан келеді.

Облыс бойынша орташа алғанда әрбір бесінші қылмыскер қылмысты мас күйінде, әрбір төртінші топталған құрамында жасаған. Қылмыс жасап, анықталған адамдардың ең көп бөлігін жұмыссыздар – 80,9 пайызын (2013 жылғы қаңтар-қыркүйегінде – 77,1 пайызын) құрады.

Жұмыссыздық және жұмыспен қамту

Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2014 жылдың І тоқсанында 352,9 мың адамды құраса, 2014 жылдың IІ тоқсанында бұл көрсеткіш 359,9 мың адамды құрады яғни, 2,0 пайызға көбейді. Ағымдағы жылдың IІ тоқсанында жұмыспен қамтылған халық саны 341,8 мың адам, жалдамалы қызметкерлер саны 229,0 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 112,8 мың адам, жұмыссыз халықтың саны 18,1 мың адамды көрсетті. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны өткен тоқсанмен салыстырғанда (2014 жылдың I тоқсаны) 4,4 пайызға, 2013 жылдың IІ тоқсанымен салыстырғанда 2,7 пайызға көбейді.

Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі бір қалыпта 2014 жылдың IІ тоқсанында ҚР жұмыссыздық деңгейі –5,1 пайыз, Қызылорда облысында – 5,0 пайызды (2013 жылдың IІ тоқсанында – 5,2 пайыз, 2012 жылдың IІ тоқсанында – 5,4 пайыз, 2011 жылдың IІ тоқсанында – 5,5 пайыз) құрады.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-24 жас аралығы) 2014 жылдың I тоқсанында 6,2 пайызды құраса, ағымдағы жылдың IІ тоқсанында 6,0 пайыз көрсетті

Еңбекақы төлеу

2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында жалдамалы қызметкерлердің саны 151,7 мың адамды құрап, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,8 пайызға артқандығын байқатты. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 103519 теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,6 пайызға артты. Ірі және орта кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлердің саны 131,1 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,6 пайызға өсті, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 107471 теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,6 пайызға жоғарылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы Қызылорда қаласында (116797 теңге), Шиелі ауданында 96959 теңгені, Байқоңыр қаласында 103511 теңгені көрсетіп, жоғары мөлшерін байқатты. Төменгі жалақы Жалағаш (68103 теңге) және Сырдария аудандарында байқалды (67743 теңге). Сонымен бірге өткен жылмен салыстырғанда өсім барлық аудандарда байқалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының жоғарғы деңгейі облысымыздың, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (181547 теңге); көлік және қоймалау (135864 теңге); ақпарат және байланыс (148809 теңге); қаржы және сақтандыру қызметі (142059 теңге); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (143176 теңге) салаларында құралды. Орташа айлық атаулы жалақының төменгі мөлшері; Тұру және тамақтану (63596 теңге); ауыл, орман және балық шаруашылығы (53577 теңге); білім, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру (49493 теңге) салаларында байқалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында ҚР-да орташа айлық жалақы 117072 теңге құрады. Жоғарғы айлық Атырау облысында (220781 теңге), Манғыстау (211416 теңге), Астана қаласы (167509 теңге). Төменгі айлық Солтүстік Қазақстан облысында (77973 теңге), Жамбыл облысында (80178теңге).

Облысымыз айлық жалақы көрсеткіші бойынша жетінші орында тұр.

Халықтың ақшалай табыстары мен шығыстары

2014 жылғы қаңтар- тамыз айында халықтың орташа атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 417857 теңгені құрап, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,5 пайызға өсті.

2014 жылдың тамыз айында халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары ( бағалау бойынша) 53436 теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде 10 орында. Өсім 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 8,5 пайызды құрады, нақты ақшалай табыстар үшін 4,4пайызға жоғарылады.

Халықтың барлық ақшалай шығыстарының ішінде ең көп бөлігін 89,8 пайыз тұтыну шығыстары, туыстары мен таныстарына материалдық көмек және борышақы - 5,4 пайыз, салықтар, төлемдер және басқа төлемақылар-0,1 пайыз, кредит пен борышты өтеу- 4,4 пайыз құрады.

2014 жылдың 2 тоқсанында халықтың тұтыну шығыстарының жалпы құрылымынан жартысына жуығын 47,7 пайыз азық- түлік тауарлары, 27,0 пайыз- азық- түлік емес тауарлар, 15,1 пайыз- ақылы қызметтер алады.

2014 жылдың 2 тоқсанында Қызылорда облысы бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша жанұяларда ең көп тұтынылған азық- түлік өнімдері (орташа жан басына шаққанда) сүт және сүт өнімдері (53,6л), нан және жарма өнімдері (36,4кг) және жұмыртқалар(28 дана) болып табылады.

Қызылордалықтар орташа жан басына шаққанда тамақ өнімдері және алкогольсіз сусындарға республика мәліметімен салыстырғанда 2742 теңгеге көп шығыстарын жұмсалған.

Атап өтетін жәйт, орташа алғанда тоқсанда бір адам тамақ өнімдерін және алкогольсіз сусындарды сатып алуға 45199 теңге болса, республика бойынша 42457 теңге; ет және ет өнімдеріне 16346 тенге болса, республика бойынша 14491 теңге; қант, кондитерлік өнімдер және тәттілер 3268 теңге болса, республика бойынша 2975 теңге жұмсалған.

Азық-түлік емес тауарларға жұмсалған шығыстар: киім, мата және аяқ киімдерге- 9730 теңге болса, республика бойынша 9483 теңге, тұрғын үй-жайды ағымдағы ұстау және жөндеу үшін материалдарға 2257 теңге болса, республика бойынша 1004 теңге; дәрі-дәрмектер, емдеу жабдықтары және аппаратураларына 1154 теңге болса, республика бойынша 1678 теңге; автокөлік құралдары және жеке көлік құралдары үшін жанар–жағармай материалдарына 2204 теңге болса, республика бойынша 3486 теңге жұмсалған.


ДӘУЛЕТ 11 қараша 2014 г. 947 0