Қызылордада азық-түлік бағасы республикалық көрсеткіштен төмен

Қызылорда облысында азық-түлік бағалары республиканың орташа көрсеткішімен салыс­тырғанда біршама арзан. Жалпы 8 айда аймақтың бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы байқалуда.
АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 809 0
КҮРІШ ӨСІРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

КҮРІШ ӨСІРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Бейсенбіде облыс әкімдігінің мәжіліс залында Батыс және Орталық Азия елдері мүшелігімен құрылған Күріш ғылымын зерттеу және Білім тарату орталығының кезекті ІІІ мәжілісі өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 2 162 0
МЕРЕЙЛІ ШАҢЫРАҚ

МЕРЕЙЛІ ШАҢЫРАҚ

Атақты Александр Затаевич біздің мына көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жерімізге қарап тұрып: «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай», деп тамсаныпты ғой заманында. Қазақ жерінің селеуі мен жусанынан жыр ескендей, сылдыраған суынан күй төгілгендей әсер етсе керек өнер зерттеушісіне. Ұлттың ұлы ұстазы Абайдың өзі «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», демеп пе еді?! Бесік жырымен тербеліп бас­талатын өмір дариясы жоқтаумен аяқталатыны ақиқат қой. Сондықтан қазақтың өмірі өлеңмен өте тығыз байланысты десек, артық айтқандық болмас. Тіпті, тұтас бір отбасы өнерпаз болып жатады. Мысалы, өткен ғасырда отбасылық ансамбльдер көп шықты. Солардың бірі – Тоқаяқовтар шаңырағы.
ҚОҒАМ 06 қыркүйек 2014 г. 907 0

АЗ ТӨЛЕГІҢ КЕЛСЕ – КӨП ҮНЕМДЕ

Елбасымыз осыдан алты жыл бұрын «Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет» деген болатын. Содан бері үнем деген үлкен мәселені шешудің жолдары қарастырылуда. Бұл күндері Сыр өңірінде де баламалы энергия көздерін дамыту және электр энергиясының ысырабына жол бермеу бағытында тиянақты әрі табысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы аптаның бейсенбісінде де мамандар осы мәселені талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев те қатысты.
ҚОҒАМ 06 қыркүйек 2014 г. 917 0

ҰЛАҒАТТЫ СҰХБАТ РУХЫ

Жақында Елбасымыз Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев қазақ­тың кең даласындағы қасиетті орын­дардың бірі Ұлытау өңірінде, Әулие­бұлақтың басында «Хабар» агент­тігінің тілшісіне сұхбат берді. Кере­мет табиғат аясындағы сұхбат бары­сында Елбасымыздың көңіл түкпіріндегі ойларымен ағынан жарыла халқымен бөліскендігінің куәсі болдық. Қазақ халқының армандаған асқақ биігі тәуелсіздігіміздің оңай келмегендігін, тәуелсіздік жолында бабаларымыздың қаншалықты қиыншылықтарға қарамастан, әлеу­мет­тік-рухани болмыстық сипатын сақтап қалғандығын өскелең ұрпақтың жадында сақтау керек екендігін айрықша атап өтті.
ҚОҒАМ 06 қыркүйек 2014 г. 987 0
Күрішке орақ түсті

Күрішке орақ түсті

Егіншілік саласында өзіндік дәстүрі бар Шиелі ауданында аптаның жұмасы күні биылғы күріш орағы басталды. Үстіміздегі жылы аудан диқандары 24 мың гектардың үстінде екпелі дақыл­дарды орналастырса, оның 8600 гектары күріш алқабы. Осындағы ірі ша­руашылық құрылымдарының бірі – «Төң­керіс» шаруа қожалығы мың гек­тарға таяу Сыр маржанын орналас­тырса, соның №1 бригадасы 430 гектар күрішке иелік етуде. Осы Бауыр­жан Көпеев басшылық жасайтын бри­га­даның озат механизаторлары жатка­шы – Еркебұлан Әбілпанов, Қайрат Жақсылықов және Мархаббат Әзизов, Әділ Шәріп аудандағы алғашқы күріш орағын бастады.
АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 1 168 0

«2014 жылғы 1 қазан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы күні»

Облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына сай облыстан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың облыс мәслихаттарының депутаттарымен (таңдау­шылармен) кездесу кестесін төмендегідей тәртіппенжариялайды: Арал ауданында – 13.09.2014 ж., сағат 9.00-де аудандық мәдениет үйінде, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №115 үй;
АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 768 0

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА СЕРПІН БЕРІЛЕДІ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің мәжілісінде өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыға түсті. Облыстық экономика және бюджетті жос­парлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі туралы баяндады.
АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 741 0

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ДОТАЦИЯСЫЗ ӨҢІРГЕ АЙНАЛДЫ

2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірісі 152,3 млрд. теңгені құрады. Бұл жоспарланған болжамның 109,1 пайызын құрайды. Соның ішінде республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен несиелерді есептемегенде облыс бюджетінің өз табысы 47,5 млрд. теңге болды. Тіпті өткен жылдың тиісті кезңімен салыстырғанда табыс жинау көлемі 2,5 еседен астам немесе 12,1 млрд. теңгеге өсті. Бұл аймақтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал жасауда.
АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2014 г. 780 0
ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫН БАЙЛАНЫСТЫРҒАН

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫН БАЙЛАНЫСТЫРҒАН

Бейсенбі күні Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйінде «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған кезекті брифинг болып өтті. Бұл жолы 5-шақырылған облыстық мәлихаттың атқарған жұмысы жайлы облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмырза Еламанов журналистерге айтып берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК 06 қыркүйек 2014 г. 879 0