ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – ЖАРҚЫН БАСТАМА

Жуырда "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылауға байланысты саяси кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Оған кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдары, мемлекеттік сала қызметкерлері,белсенді жас­тар ұйымының жетекшілерімен БАҚ өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 932 0

БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің мәжіліс залында республикалық "Мектепке жол” акциясының аясында биыл мектепке баратын мүмкіндігі шектеулі 25 баланы құттықтау рәсімі болып өтті. Шараның бас­ты мақсаты – аз қамтамасыз етілген әрі көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, түрлі әлеу­­меттік себептер бойынша балалардың мектепке бара алмай қалуын болдырмау және табысы жеткіліксіз ата-аналардың өздерінің сүйеушісі бар екендігіне сенімін арттыру болып отыр. Шарада сөз алған облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев балаларға мектеп формасының сертификаттары мен қажетті оқу құралдарын табыстай отырып, оларды құт­тықтады.
АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 910 0

ПОЛИГОН ЗАРДАБЫ

Төрткүл әлемдегі ядролық сынақ жасайтын ірі полигондардың бірі болған Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ 1949 жылдың 29 тамызында жасалса, мұнда барлығы 468 ядролық сынақ жасалған екен. Нақтылап айтсақ, отыз жарылыс жер бетінде және сексен сегіз ядролық қондырғы ауада сыналған. Олардың ішінде бірінші термоядролық қондырғы 1953 жылы 12 тамыз, алғашқы сутегі бомбасы 1955 жылы 22 қарашада болса, алты қондырғы сынағы үлкен биіктікте, яғни ғарышта сыналып, жер бетіндегі сынақтан бөлек полигонда 340-тан астам жерасты сынағы тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалыпты.
ҚОҒАМ 28 тамыз 2014 г. 1 268 0

АТОМ – «сынақтарды жою – біздің миссиямыз»

АТОМ. Бұл ағылшынша "Abolish Testing. Our Mission”деген тіркестегі сөздердің бас әріптерінің жиынтығы. Қазақша аударғандағы мағынасы: "Сынақтарды жою – біздің миссиямыз” ұғымын білдіреді.
АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 825 0

30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған мәдени-көпшілік шаралардың бағдарламасы

«Айбары мықты – Ата заң» экскурсия сабақтары, 25-30 тамыз, сағат 09.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.
АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 3 287 0
БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТЫНДА

БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТЫНДА

Сейсенбі күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық тамыз кеңесі болып өтті. Дәстүрлі жиынға облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешов қатысты.
АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 1 647 0

Ұлытау төріндегі толғаныс

Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған өңірінде болғаны газет оқырмандарына жақсы мәлім. Сапар барысында Президент арнайы сұхбат берді. Бүгін жұртшылық назарына Елбасының Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғаныстарын ұсынып отырмыз. Әңгіме қазіргі экономика мәселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде өрбіді.Сұхбатты «Хабар» агенттігінің тілшісі Ринат Думанұлы жүргізді.
АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 829 0
ЫМЫРА ЫНТЫМАҚҚА БАСТАЙДЫ

ЫМЫРА ЫНТЫМАҚҚА БАСТАЙДЫ

Сейсенбі күні Беларусь астанасы Минскіде Кеден одағы елдерінің басшылары, яғни Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин, сондай-ақ Украина басшысы Петр Порошенко мен Еуропалық одақтың өкілдері бас қосты. Үлкен маңызы бар бұл жиынға Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Кэтрин Эштон, Еуропалық одақтың энергетика мәселелері бойынша жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Гюнтер Эттингер және Еуропалық одақтың сауда мәселелері бойынша жоғарғы өкілі Карел де Гюхт қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 876 0
ҚАЗАҚСТАНҒА ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН

ҚАЗАҚСТАНҒА ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН

Бұл жоба өткен жылдан бері жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатқан отандастарымызға этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін таныстыру. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапырысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алған жоба аясында апта басында шет елдегі бұрынғы отандастарымыз туған жерге табан тіреді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 1 098 0
Жалаңтөс батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Жалаңтөс батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округінің орталығы Жалаңтөс батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2014 г. 1 275 0