30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған мәдени-көпшілік шаралардың бағдарламасы

«Айбары мықты – Ата заң» экскурсия сабақтары, 25-30 тамыз, сағат 09.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.

«Ата Заң – елдік тұғыры» атты көрме, 25-31 тамыз, сағат 09.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.

«Ата заңым – алтын қазынам» атты кітап көрмесі, 18-30 тамыз, сағат 09.00, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

«Мәңгілік ел идеясы – жаңа Қазақстанның тұғырнамасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, 28 тамыз, сағат 11.00, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайы.

«Заңғарлы заң – замана» атты патриоттық әндерден лекция-концерт, 28 тамыз, сағат 16.00, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

«Конституция – Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік салтанат, 29 тамыз, сағат 15.00, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры.

30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шара, 29 тамыз, сағат 17.00, барлық аудан орталықтарындағы мәдениет үйі.

«Азат елдің ар-намысы – Ата Заң!» атты жастар акциясы, 29 тамыз, сағат 19.00, қалалық демалыс және мәдени паркі.

Қаладағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің «Тегін маршрут» акциясы, 30 тамыз, сағат: 09.00, қоғамдық көлік.

Қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің қаланың орталығында өткізетін мәдени-көпшілік шаралары: 30 тамыз, сағат: 10.00, кент және ауылдық округтер.

- Тасбөгет кенті Жалаңтөс баһадүр ескерткіші алдында;

- Белкөл кенті, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы демалыс скверінде;

- Ақсуат ауылдық округі «Сыбаға» базарында;

- Қызылжарма ауылдық округі Ғ.Мұратбаев ескерткішінің алдында;

- Қосшыңырау ауылдық округі Теміржол вокзалында;

- Қарауылтөбе ауылдық округі «Мерей» мөлтек ауданында;

-Қызылөзек ауылдық округі «КБИ» мөлтек ауданында;

- Ақжарма ауылдық округі Жаңа базар аумағында;

- Талсуат ауылдық округі автовокзалда;

- қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Титов», «Гагарин» мөлтек аудандарында.

ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік велошеру, 30 тамыз, сағат: 19.00, ҚР Тұңғыш Президенті паркінен Орталық алаңға дейін.

«Ата Заңым – қыран биік тұғырым» атты мерекелік концерт, 30 тамыз, сағат: 20.00, Қызылорда қаласы мен барлық ауданның орталық алаңы.

АҚПАРАТ 28 тамыз 2014 г. 3 259 0