Жалаңтөс батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Қазалы ауданы, Қарашеңгел ауылдық округінің орталығы Жалаңтөс батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жаңа амбулатория құрылысының жалпы сметалық құны - 84,3 млн теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігері - «Болашақ»ЖШС.
«Мен осы бүгінгі жиынды пайдалана отырып, Сіздердің ауылдарыңыздағы осы ғимаратты салып, ел игілігіне берген құрылысшыларға алғысымды білдіремін. Халық игілігіне жұмыс жасайтын жаңа емханаларыңыз құтты болсын» - деді жаңа амбулаторияның ашылу рәсімінде аудан әкімі БахытЖаханов.

Бір қабатты емхана ғимаратының жалпы ауданы 519,8 шаршы метр. Жер көлемі 0,3 гектар. Барлығы 44 бөлме. Соның ішінде 18-і емдеу бөлмесі. Алдағы уақытта емхана әрбір жұмыс күндері 15 адамнан қабылдайды. Күндізгі емдеу бөлімі 10 адамдық арналған. Ғимараттың бу қазандығы қатты отынмен жылытылады. «Мұның бәрі ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан жағдай деп білеміз. Осындай жаңа заманға сай, жаңа техникалармен жабдықталған ғимарат салып бергені үшін алғысы айтамыз»,-деді амбулатория меңгерушісі Ғалия Даниярқызы.
Сондай-ақ бұдан бөлек, аудан орталығы - Әйтеке би кентінен 150 орындық аурухана құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 40,1 млн. теңге, Өркендеу ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының жобасын дайындауға 2,4 млн. теңге қаржы бөлініп, жоба құжаттары әзірленіп жатыр.
Бұл жұмыстар келесі жылы басталатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2014 г. 1 252 0