Бұл күндері ауданның сәулеті мен көркін кіргізетін орталық алаңда қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
АҚПАРАТ
24 шілде 2014 г.
1 806
0
Алмасбек Ахметұлы Әбсадық 1966 жылы Қызылорда облысы, Тасбөгет қыстағында дүниеге келген. 1991 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, Білім министрлігінің жолдамасымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқытушылық қызметке орналасады. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі таңда аталмыш университеттің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарады. Біздің тілшімізге елге демалыс пен іссапарды серік етіп келген жерлесімізбен сұхбат алу мүмкіндігі туындаған еді...
ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
846
0
Ішектің бітелуі – ішек ішіндегі заттың мүлде жүрмеуі. Ішектің бітелу себебіне қарай ол екі түрге бөлінеді: динамикалық және механикалық. Динамикалық ішек бітелуі ішек қабырғасының қозғалу қызметі шұғыл тоқтаған кезде байқалады. Бұл екі жағдайда орын алады: қандай да бір себептің әсерінен ішектің бір бөлігі қатты түйіледі (спазмалық түйілу) және керісінше, ішек қабырғасы салданады (паралитикалық түйілу).
ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
1 991
0
Бүгінде теледидарды қосып қалсаң, болды түрлі жағдайлардың куәсі боласың. «Атып кетіпті», «зорлапты», «тонап кетіпті» деп толассыз айтып жатады. Құлағымыз да, етіміз де үйреніп кетті. Үйренгеніміз соншалық, тіпті, қанды оқиғалардың бірі деп бейжай қарайтын дәрежеге жеттік. Барлығы жан-жақты дамыған заман мен технологияның жеті атасын меңгерген қоғамда ешнәрсе ешкімге тансық емес. Тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, әлпештеп өсірген ұлың мен қызың бірі намысын жоғалтып, бірі арын сатып күнелтуде. Жетесіз, қайырсыз ұл әкесі мен шешесін жәутеңдетіп қарттар үйіне жіберуде. Тіпті, ата-анасын өлтіріп, көміп тастап жатқандар қаншама? Балаларымыз неге мұншалықты қатыгез болды екен? Тәрбиенің әлсіздігі ме, әлде алпауыт қоғамның әсері ме? Әркім әртүрлі пайымдайтын болар. Менің мақсатым – өз ойымды жеткізу.
ҚОҒАМ
24 шілде 2014 г.
952
0
Жуырда Бесарық ауылдық округінің кітапханасында көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі” және "Басында Үшқараның” атты повестері бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Шара мақсаты, "Бір ел бір кітап акциясына” қатысу, үздік шығармаларды халыққа кеңінен танытып оқу мәдениетін дамыту, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, әдеби-көркем кітаптарды оқуға тарту болып табылады. Конференцияға ауыл әкімі Ә.Абдуллаев, әкімгершілік қызметкерлері, тұрғындар мен өнер мектебінің мұғалімдері, ұстаздар және оқушылар қатысты.
РУХАНИЯТ
24 шілде 2014 г.
860
0
Адамзатқа Құран-кәрімнің түсе бастаған мезеті қадір түні делінген. Асыл пайғамбарымыз: "Алла Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген” деп Қадір түнінің қадірін білуге шақырған. Хадистерде: "Кімде-кім сауабын тек қана Алладан күтіп, сол түнді ықыласпен, ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі” дейді.
ТАНЫМ
24 шілде 2014 г.
1 365
0
«Сыр елі, жыр елі» деген даңқты сөздің ел ауызына кең тарағаны белгілі. Бұған Сыр сүлейлерінің қосқан үлесі орасан зор. Сыр сүлейлерінің жалғасы менің айтқым келіп отырғаным, Халық ақыны Әбділда Жүргенбаев туралы болмақ.
РУХАНИЯТ
24 шілде 2014 г.
2 465
0