Елбасы биылғы Жолдауында "Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс” деп атап көрсеткен болатын. Осындай талаптарға сай келетін оқушыларды даярлау қазіргі мұғалімдердің еншісінде.
ҚОҒАМ
17 сәуір 2014 г.
919
0
Қызылорда қалалық кітапханалар жүйесінде аудан, қала кітапханашыларының қатысуымен «Кітапханадағы кітапты насихаттау мен оқуға басшылық жасау үлгілері» атты семинар өткізілді. Семинар барысында «Кітап оқу: қазіргі жағдайы және келешегі», «Кітап қорын сақтау, толықтыру және насихаттау жолдары», «Қала кітапханаларында жаңа технологиялар мен электронды ресурстарды жүзеге асыру барысы» тақырыбында баяндамалар оқылып, тренинг сабақ өткізілді.
ҚОҒАМ
17 сәуір 2014 г.
1 948
0
Қарымды қаламгер, танымал жазушы Әлмәмбет Әлішевтің есімі елге мәлім. Кез келген туындысымен оқырмандарын баурап алатын жазушыны өзгелерден шоқтығын асырып тұратын бір ерекшелік бар. Ол – пікірін кімге де болса тура жеткізетін өр мінезі десек, қателеспейміз. Бұл – оны танитындардың баршасы мойындаған ақиқат. Қазалыда өткен жазушы Әлмәмбет Әлішевтің туғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойда сөз алғандардың пікірі осылайша өрбіді.
РУХАНИЯТ
17 сәуір 2014 г.
889
0
КСРО халық әртісі, актер, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына биыл 100 жыл. Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген дара дарын иесінің мерейтойы бүгінде республикалық деңгейде тойлануда. Қазақ кино өнерін қалыптастырып, алып шығармаларды дүниеге әкелген режиссердің мерекесі Сыр елінде де «Қазақ киносының жұлдызы» деген атпен аталып өтті. Мерекелік кешке КСРО халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі, еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер Есмұхан Обаев, режиссер Болат Шәріп қатысып, өнер майталманы туралы түрлі естеліктер мен қызықты әңгімелер өрбітті.
РУХАНИЯТ
17 сәуір 2014 г.
1 097
0
Облыс әкімінің қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысындағы мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалуын өз дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында Шиелі ауданында соңғы кездері тегеурінді жұмыстар жүргізіліп келеді.
АҚПАРАТ
17 сәуір 2014 г.
1 072
0
Күн өткен сайын Қызылорда облысында кене шаққандар саны артып отыр. Өткен аптаның өзінде 62 тұрғынды кене шағып, дәрігерлерге қаралған. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары хабарлауда.
АҚПАРАТ
17 сәуір 2014 г.
837
0
– Сейтек Мирасбекұлы 1 сәуірден бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке ресми шақырту басталды. Шақырту жұмыстары қалай жүргізілуде? – Иә, көктемгі шақырту басталмас бұрын балаларды зерделеген болатынбыз. Яғни, олардың отбасылық жағдайы, денсаулығы, білімі мен біліктілігі, немен шұғылданады, т.с.с. Осының барлығын сарапқа салдық. Қазір комиссиялық тексеруден тегін өткізіп, 200 азаматты әскер қатарына алуға жұмыстар жасалуда. Шақырту ісіне қала әкімдігі көмектесуде.
---
17 сәуір 2014 г.
1 653
0
Келісті де келбетті Баһан қария шежіренің қоймасы іспетті. Бір әңгіменің шетін суыртпақтап шығарсаңыз, көңілі келсе, әрі қарай өзі тарқатып алып кете берер. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейтін ілгергілердің тәмсілін еске алсаңыз да, көп жасағандығына сүйенсеңіз де жаңылыспайсыз. Негізі көргені де, түйгені де көп кісі болғаны. Жаратушының берген байлығы шығар, биыл бірі кем тоқсан жасқа келсе де тізесі дірілден, көзі іріңнен аман. Сөзі тетік, ісі нық, балаларына әлі күнге жөн-жоба көрсетіп, ақыл қосып отырады. Сәлемдесе келе әңгіме ауанын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандық борышын атқару кезеңіне қарай ойыстырдық.
ТАҒЫЛЫМ
17 сәуір 2014 г.
1 143
0
Сейсенбi күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда аймақтың тыныс-тіршілігіне тікелей байланысты бірқатар мәселелер қаралды.
АҚПАРАТ
17 сәуір 2014 г.
830
0
Қызылордалық 1-ші топ мүгедегі Ғалым Жұманов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында үшжақты кепілдендіру келісім-шартына қол қойды.
АҚПАРАТ
17 сәуір 2014 г.
945
0