ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ИГІЛІГІ

Елбасы биылғы Жолдауында "Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс” деп атап көрсеткен болатын. Осындай талаптарға сай келетін оқушыларды даярлау қазіргі мұғалімдердің еншісінде.
Барлық талаптарға сай келетін оқушыларды даярлау жолы Кембридж университетінің тәсілі немесе сындарлы оқыту теориясы болып табылады. №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта барлық пән мұғалімдері осы инновациялық технологияны қолданып сабақ өтуде. Мектеп-интернаты барлық соңғы үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған, оқушылардың әр түрлі зерттеу жұмыстарымен айналысуына зор мүкіндік жасалған. 
Жуырда "Pasco құрал-жабдығын оқу процесінде пайдалану” тақырыбында облыстық семинар өткен болатын. Мақсаты – химия, физика, биология сабақтарында зерттеушілік жұмысты жүргізу жолдарын көрсету, жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін тарату болып табылады. Семинарға барлық аудандардан, қала мектептерінен ұстаздар келіп қатысты. Мектеп-интернаттың деңгейлік курстарынан өткен физика пәнінің мұғалімі Шакизат Бейсенова, биология пәнінің мұғалімі Гүлназ Абдукамалова шеберлік сабақтарын көрсетті. Зерттеу арқылы нәтижеге жету, топтық жұмыс, бағалаудың жаңа түрлерін ұтымды көрсете алды. Семинарға қатысушылар құрал-жабдықты пайдалану туралы мол тәжірибе жинақтап қайтты.
Салтанат БОЛАТҚЫЗЫ,
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі.

ҚОҒАМ 17 сәуір 2014 г. 895 0