Сыр өңірінде мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен жұмыс жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысындағы Жәңгір хан атындағы университет ғалымдарымен біріге отырып, мал тұқымын асылдандырудың селекциялық шаралары қолға алынды. Осының нәтижесінде қазақтың ақ бас сиыры мен Еділбай қойының селекциясын жүргізуге көңіл бөлінбекші. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік-батыс және мал шаруашылығын дамыту ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірлескен жоба ретінде әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған қаракөл қойының көк түсін өсіруге келісімдер жасалды. Бұл жобаға академик Хисматулла Үкібаев жетекшілік жасайды.
ДӘУЛЕТ
12 сәуір 2014 г.
1 592
0
Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен бұл шараға тұрғындар мен кәсіпкерлер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
1 419
0
Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Әбдіғабит Әбләзім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат Мырзахметовтің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
870
0
«Салық және халық». Бұл сөз нақты кезеңде санамызға әбден сіңгені ақиқат. Түп-төркіні «кәсібіңді адал атқарып, төлемдерден жалтарма» дегенді нұсқайтыны белгілі. Елбасы Н.Назарбаевтың атқарушы билікке жүктеген міндетінің бірі – салық базасын ұлғайту екенін оқырмандар жақсы біледі. Ал, тапсырманы орындауға ұмтылу жауапкершіліктен туындайтынына дау жоқ. Осы тұрғыда Қазалыда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте хабарлама жасаған салық басқармасы басшысы Ф.Қожабергеновтің сөзі соны аңғартты.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
844
0
Замана талабына сай келбеті көріктене түскен ауданның бірі – Шиелі. Сексен мыңға тарта халқы бар бұл аймақта әр жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, аудан бойынша соңғы кезеңнің өзінде 10 әлеуметтік нысан құрылысы жүргізілсе, оның 7-і пайдалануға берілді. Шиелі кентіндегі 600 орындық мектептің құрылыс жұмысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталып, мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілді. Оның жобалық құны 807 млн. 870 мың теңге болса, жобалық құны 1 млрд. 616 млн. 873 мың теңге тұратын 1200 орындық мектеп ғимаратының құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2014 г.
1 264
0
Күн жылынып, күн сәулесiнiң қуаты артқан сайын қыстан шыққан зиянкестерге де қолайлы жағдай туады. Табиғатта кездесетiн қауіпті жәндіктің бiрi – кене. Кене адамға көптеген iндеттер таратады. Солардың қатарына Конго-Қырым қанды безгегi немесе Көкала ауруы жатады.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2014 г.
1 681
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткен концерт "Эти глаза напротив” деп аталды. Бұл концертті қала тұрғындарына "Таланты мира” қоры мен Б.А.Покровский атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық театрының солисі Николай Щемлёв тарту еткен болатын.
РУХАНИЯТ
12 сәуір 2014 г.
826
0
Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы облыс көлеміндегі ірі, орта және кіші компанияларда жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысын көбейту туралы насихаттауда біршама жұмыстар атқарды.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
1 119
0
Алдағы аптада, яғни 16-17 сәуір күндері облысымызда ІІІ "Байқоңыр” инвестициялық форумы өтеді. Форумның мақсат-міндеттері мен жұмысы жайлы облыстық сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Назаровты әңгімеге тартқан едік.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
1 144
0
Облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаевтың төрағалығымен селекторлық жиын болып өтті. Онда облыс көлеміндегі санитарлық-тазалық, көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуі мен қалдықтарды орналастыру және оны жою орындарын айқындауға байланысты бірқатар мәселелер талқыланды.
АҚПАРАТ
12 сәуір 2014 г.
909
0