ЖАЛАҚЫНЫ КӨБЕЙТУ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы облыс көлеміндегі ірі, орта және кіші компанияларда жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысын көбейту туралы насихаттауда біршама жұмыстар атқарды. 
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 124-бабында жалақыны көбейту жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық  актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала отырып, келісімдерде, ұжымдық  шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізетін жалақыны индекстеуін қамтиды делінген.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қызылорда облысында 6 976  жеке субъект тіркелген. Оның ішінде шағын субъект саны – 6 774, орта субъект – 159,  ірі субъект – 43.  Сондай-ақ  тіркелген шетелдік  компаниялардың саны – 83, шағын субъект – 69, орта субъект – 9, ірі субъект – 5. 
Елбасының және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жоғарыда аталған заң талабын басшылыққа ала отырып, облыс көлеміндегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2014 жылдың ақпан айында Қызылорда облысында орналасқан  492 мекеменің (оның ішінде ірі,  орта және кіші кәсіпорындардың) басшыларына жұмыс атқаратын қызметкерлердің жалақысын 10 пайыздан кем емес деңгейге көбейтілуіне ықпал жасап, тиісті шаралар қабылдау жөнінде  хат жолданды. 
Алайда, кейбір шетел компанияларының жұмыс берушілері тарапынан, атап айтқанда, «ПҚҚР» АҚ, «СNEC» ЖШС, «СНПС Ай Дан Мұнай» ЖШС, «КНЛК» Интернешнл Казахстан» ЖШС, «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Техника Восточной международной нефти» ЖШС, «Сибу Кызылорда» ЖШС, «Сырдария Мұнай» АҚ, «Транс Азия Констрашн» ЖШС, «КМНПЗ» ЖШС-лары жолданған хаттарға уақытылы жауап бермеді. Осыған байланысты наурыз айында басқарма басшылығы жоғарыда аталған компаниялардың жұмыс берушілерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында мемлекетімізде орын алған қаржының тұрақсыздығына байланысты Елбасының барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъекті басшыларына берілген тапсырмаларды түсіндірді. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасын қолдауға шақыра отырып, өз компанияларындағы қызметкерлердің жалақысын 10 пайыздан кем емес деңгейге көбейту қажеттігі түсіндірілді. Нәтижесінде барлық шетелдік компаниялар жұмысшылардың еңбекақысын 10 пайызға арттыру  мәселесін толық қолдады. 
Облыстың еңбек саласындағы бақылау баскармасы  барлық аудан басшыларына оларда орналасқан жеке субъектілердегі қызметкерлердің жалақысын  10 пайыздан кем емес деңгейге көбейтілуіне ықпал жасап, тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдаған болатын. Алайда, аудан басшыларынан мәлімет алу толық дәрежеде қамтылмауда.
Қазіргі таңда мекемелерге жіберілген хаттардың нәтижесінде 290 мекемеден қызметкерлердің жалақысын  10 пайыздан  кем деңгейге дейін көтеруі туралы жазбаша жауап хат алынды. Мысалы, «Қор» Мұнай компаниясы АҚ, «ГИИЗ» ЖШС,  «Бек и компания» ЖШС,  «КедентрансСервис» АҚ, «Нұрай Ақжол РГ» ЖШС,  «Құмкөл Сервис» ЖШС, «СМП Кызылорда» ЖШС ағымдағы наурыз айынан қызметкерлердің жалақысы 10 пайызға көбейтілетіндігін мәлімдеді.
Осы бағыттағы атқарылған  жұмыстарды талдау барысында көптеген компаниялар Елбасының бастамасын қолдай келе, өз мекемелеріндегі қызметкерлердің  жалақысын 10 пайыздан кем емес деңгейге көбейтілуіне ықпал жасауда. Басқармада бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.
Нұрлыбек ЖОЛДАСБАЕВ,
облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы.

АҚПАРАТ 12 сәуір 2014 г. 1 112 0