ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘРДЕМ ЖАСАЛДЫ

Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен бұл шараға тұрғындар мен кәсіпкерлер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты.
Департамент бастығының орынбасары Рустам Ақмырзаев акцияға қатысушыларды қаржы полициясы органдарының жұмысымен таныстырып, әр аптаның сәрсенбісінде кәсіпкерлерді қабылдау өткізілетіндігін нақтыласа, басқарма бастығы Бақытжан Ниязов биылғы 27 ақпандағы кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес талаптарды түсіндіріп, бизнес өкілдерін қорғау және қолдау бағытындағы жұмыстарды әңгімелеп берді. Сондай-ақ, ақпараттық-талдау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Жамантаев сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттарына тоқталып, аталған қылмыстар жөнінде хабар берген тұлғаларды көтермелеу шараларын тілге тиек етті.
Акция барысында сот үкімімен күшіне енген қылмыстық істер жайлы бейнероликтер көрсетіліп, заң қызметі бөлімінің бастығы Жанатбек Кенжеғұлов келушілерге құқықтық жәрдем жасады.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

АҚПАРАТ 12 сәуір 2014 г. 1 415 0