Қызылорда облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай, Ауған соғысының ардагерлері мен ұжым қызметкерлерінің кездесу іс-шарасы өткізілді.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
1 152
0
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық аграрлы-индустриалды колледж студенттерімен «Мәңгілік ел жастары» тақырыбында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қанбаев, колледж директорының міндетін атқарушы Ә.Әбдібеков, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөілімінің өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
1 170
0
Кеше, халықаралық "Невада-Семей” антиядролық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай облыс орталығындағы "Тағзым” алаңында еске алу шарасы өткізілді.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
1 091
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат деп білемін. Сондықтан Жолдауда жүктелген тапсырманы орындау – әрбіріміздің Отан алдындағы парызымыз. Осынау құжатта атап көрсетілгеніндей, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұрғаны ақиқат. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болып табылады.
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
1 306
0
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат.
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
1 043
0
Тәуелсіздікке дейінгі төл тарихымызда сындарлы кезеңдер аз болмағаны ақиқат. Осынау талайлы замандарда ұлттық рухымыздың өміршеңдігін жоғалтпауы сан ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың рухани ұстыны және салт-дәстүрімізді ту етіп көтерген жақсы-жайсаңдарымыздың үлгі-өнегесінің арқасы. Түп-тұқияннан мирас болып келе жатқан жасы үлкенді құрметтеу үрдісі орнықты дәстүрлеріміз қатарында болса, бұл тұрғыда жөні де, жолы да үлкен ағаны сыйлаудың орны, тіпті, бөлек. Дана халқымыздың осы салтында үлкен мән-мағына, терең ой-өлшем жатқаны бесенеден белгілі. Осынау ізгілікті дәстүріміздің бетіне сызат түсірушілердің қатары бүгінгі күні жиілеп бара жатқандай, десе де, бұндай көрініс өткен замандарда да болмай қалмапты. Айтылғанның жарқын дәлелі іспетті, менің төртінші бабам – Молдашер Жамұратұлының (1825-1904 жж.) өмір жолында кездескен тәлімді оқиғаны оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.
ТАҒЫЛЫМ
01 наурыз 2014 г.
1 209
0
Көңілі кезіндегі Арал теңізіндей шалқыған, жүрегі оның толқындарындай тулаған ел ағасы, Қызылорда облысына еңбегі сіңген, оның әлеуметтік, экономикалық саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан, білікті басшы, парасатты азамат, көп жылдар облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық кеңестің депутаты болған, биыл 80 жасқа келіп отырған Әбдіхан Көбеев ағамыздың есімін ел жақсы біледі.
ТАҒЫЛЫМ
01 наурыз 2014 г.
1 717
0
Қадірменді інім Серікбай! Сенің жазған дүниелеріңе әркез зер саламын. "Сыр бойы” газетіндегі (8 ақпан 2014 ж) жоғарыдағы тақырыппен жазған мақалаңды оқып шықтым. Көтерген мәселең орынды. Бір кездері үлкен Сарықұмның етегінде қыштан өрілген Алтайбек атаның мешіті емес, күмбезді бейіті, іргесінде атасы Исахожаның мешіті болды. Алтайбек атамыздың күмбезі алыстан көрінуші еді, сол күмбез ішінде Алтайбек атаның жаны тыныстап жатқанын әкелеріміз жиі айтушы еді.
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
974
0
Өмір деген осы... Ұшқан құстай зымырап өтіп бара жатады. Бұл өмірге кімдер келіп, кімдер кетпеген. «Жақсының шарапаты жалпақ елге жетеді» демекші, бар ғұмырын ұрпақтарға ұлағат етуді мұрат тұтып, жаны ізгілік шуағымен жадыраған жандар артында өшпес іс, өлмейтұғын мұра мен із қалдырады. Пайғамбар жасына келген соң өткен өмір жолдарыңа қайрылып қарап, «қайдасың, қайда?» деп іздейді екенсің. Сол бір жылдары талай-талай тумысы бөлек текті тұлғалармен тұз-дәмдес болып, дәріс алған едік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, ендігі сөз кезегін жүректегі жазбаларыма берсем.
ТАҒЫЛЫМ
01 наурыз 2014 г.
1 430
0
Көне заманнан бері адамзат тарихының даму сатысында қасиетті Ұлытаудың алатын орны бөлек. Қазақ елінің бірлігі, ұйтқысы болған Ұлытаудың мемлекетіміздің іргесін қалауындағы орны да ерекше. Қазақ елінің халық болып қалыптасуының басы да осы Ұлытаудан бастау алады. Бұл – тарихи шындық.
ТАНЫМ
01 наурыз 2014 г.
2 836
0