Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылындағы №162 орта мектепте алтын, күміс алқа иегерлерімен кездесу болды. Ақ жаулықты аналар мектеп оқушыларына тәлімді әңгімелер айтып, өз өмірлерінің шуақты кезеңдерін еске түсірді.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
963
0
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында медициналық колледждің мәжіліс залында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жеңісті жақындатқан қайран біздің аналар» атты кездесу кеші болып өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ауыл шаруашылығының, құрылыс, білім, медицина, баспасөз, сауда саласының ардагерлері, мұғалімдер мен студенттер қатысты. Құрметті қонаққа шақырылған отыздан астам ардагер аналардың барлығы дерлік соғыс жылдарында тылда еңбек етті, өздерінің өлшеусіз еңбектерімен жеңісті жақындатуға үлес қосты.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2014 г.
973
0
Мемлекеттің салық саясаты экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде үйлестіруші, реттеуші рөл атқарып келеді. Еліміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 362
0
Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс атқарғаннан кейін облыстың түкпір-түкпірін жиі аралап тұруға тура келеді. Ол көбінесе облыс басшысы немесе өзге де қонақтардың аймақтағы елді мекендерге жасаған іссапарына сәйкес жүзеге асып жатады. Әрине, мұндайда облыстағы ақпарат құралдарының өкілдері отырған көлік әкім мен оның қосшылары мінген көліктер қатарында жүйткіп жүргені.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 059
0
Қыстың ызғары қайтпаса да, гүл көктем айналаны нұрға бөлегендей. Қырмызы көктем келсе болғаны, әйел-аналардың мерекесі де келеді. Күннің шуағындай құлпырған аруларымыздың бұл күні аға-інілерімізден жақсы сый-құрмет күтетіні жасырын емес. Мейрам келсе болғаны, ер жігіттер қауымы жақындарына бірі гүл, бірі өзге сыйлық сыйласа, енді бірі бағалы жүзік, алқа секілді әшекей бұйымдар беріп жатады. Яғни, мереке қарсаңында сыйлықтардың саудасы қыза түседі. Саудагерлердің бұл күні қолы жүріп, бір байып қалады. Екі күн бұрын біз де халық көп баратын сауда орындарын аралап, базар көркін қыздырған сыйлықтардың бағасын бағамдап қайтқан болатынбыз. Шарықтаған баға мен сыйлық таңдап қарбаласқан жұрттың жайын сіздерге ұсынуды жөн көрдік.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 060
0
Қазекеңнің күн қабағын, жолдың бағытын жұлдызға қарап болжайтын дағдысы бар. Бабаларымыздың осынау даналығын қазір әлемдік деңгейдегі ғалымдар да мойындауда. Сондай-ақ адамның есімінде тағдырдың үлесі мол деседі. Рас болуы. Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің есімі – Венера яғни «Шолпан» деген мағынаны білдіреді. Венера – өте әдемі жарқырайтын жұлдыз. Айдың жанында орналасады. Таң алдында ғана көрінеді. Латын тілінен аударғанда «Махаббат пен сұлулықтың патшайымы» дегенді аңғартады.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 069
0
Қазақ халқында қолы алтын зергерлер мен ұсталар аз болған жоқ. Жер-дүниені кезген жиһанкездер олардың өнеріне тәнті болғанын таспаға басылған талай еңбектен біліп жүрміз. Біздің қолөнеріміз ежелден ешкімнен кем түскен емес. Елдің арасында темірден түйін түйген, сан алуан ағашты кәдесіне жаратқан және өзге де өнердің майын ішкен шеберқолды адамдар саны аз болды ма?! Расын айтқанда, олардың саны өте көп. Бәлкім, олардың кейбірін кейінгі ұрпақ жадынан жоғалта бастаған да шығар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық өнерді киелі кәсіп түрінде бағалап, осындай шеберлерді төрге оздырғанын кез келген ұлтжанды азамат зердесіне тоқып өскені бесенеден белгілі. Өйткені бүгінгі ұрпақ ұсталық, зергерлік өнерді ұмыт қалдырып, жаһандану заманының иіріміне терең батып бара жатқанын қалайша жасырамыз?!
ТАНЫМ
08 наурыз 2014 г.
1 762
0
Ана деген ардақты есімге ізгі ниетіміз өте зор. Әрбір адам баласына жарық дүние қызығын сыйлап, оларды тәрбиелеп өсіретін құрметті жандардың қашаннан да біз үшін бағасы жоғары. Сондықтан да олардың алдында басымызды иіп, ізгі ілтипатты білдіреміз.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 124
0
Мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі – сот жүйесі. Ол азаматтар мен түрлі ұйымдардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Оның әділ де қара қылды қақ жара билік айтуы еліміздегі демократиялық құндылықтардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын айқын аңғартады. Бұл орайда сот төрелігін жүзеге асыратын судьяның кәсіби біліктілігіне, тараптарды тыңдаған кезде таразы басын тең ұстап, әрбір адамның тағдырына асқан жауапкершілікпен қарайтын имандылығына көп нәрсе байланысты. Сонымен бірге судьяның Елбасы Жарлығымен тағайындалатынын ескерсек, сот барысында оның тек қана заңға бағынатынын, күнделікті қызметте ғана емес, кәсіби әрі өмірлік жолда аса зор жауаптылық пен ержүректілікті талап ететін осы салада белсенді еңбек етіп жүрген нәзік жанды судьялар да аз емес. Солардың бірі – Гүлмира Ысқақова.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 023
0
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру маңызды міндет екені баршаға мәлім. Осы орайда мектеп мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстары ұшан-теңіз. Нарық заманында білім алудың ауадай қажеттігін оқушылар да жыл өткен сайын жан-жақты, терең, жете түсініп келеді. Аудан орталығы Жалағаш кентіндегі №31 орта мектеп шәкірттерге талапқа сай білім беру ісін жетілдіріп, абырой-бедел иеленген ұжымдардың бірі.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2014 г.
1 304
0