Мемлекет басшысының Жолдауын сайлаушылармен талқылау, оның бағыттарын жалпақ елге түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары елді аралап, халықпен кездесулер өткізді. Мен де өзім туып-өскен Қазалы, Арал аудандарында болдым. Осы жолы ауданның шалғай жатқан елді мекендеріне барып, Қызылқұм мен Қарақұмның қойнауларын мекендеп отырған тұрғындармен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Бір кездері Бозкөл совхозының бөлімшесі болған Кәукей, Тасарық ауылдарына тұрғын үйлер салынып, екі-үш есеге өскені көңіл тоғайтты. Аудан әкімі Бақыт Жахановпен бірге бірнеше кездесулер ұйымдастырдық. Аудан тұрғындарының көңіл-күйі жақсы. Бұдан 7-8 жылғы бұрынғы халықпен қазіргі халықты салыстыруға мүлде болмайды. «Елі байдың – халқы тоқ» деген аталы сөз осындайда айтылса керек.
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
1 173
0
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясында ауыл және мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге арналып «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
939
0
Өткен жыл қармақшылықтар үшін табысты да жемісті жыл болды. Елбасының ел-халыққа деген ықыласын мұрат тұтқан аудан тұрғындары шаруашылықтың қайсыбір саласында болмасын жетістіктерге жетіп, тұрмыс-тіршіліктерін де түзеді. Аудан аумағында ондаған әлеуметтік ғимараттар бой көтеріп, тұрғындар игілігіне ұсынылған. Атап айтар болсақ, Ардагерлер аллеясы мен Ауған соғысына қатысушылар құрметіне жастар саябағы мен 4 шағын спорт алаңы, аудандық орталық стадион пайдалануға берілген. Кент пен ауылдардағы көптеген көшелерге асфальт төселіп, Жосалы кенті түнгі шырақтардың жарығына малынған. Сондай-ақ, биылғы жылдың қаңтар айында заманауи үлгідегі сот ғимараты, ауысымына 250 адамды қабылдайтын емхана мен Сырдария өзені жағасындағы этнопарк демалыс орны пайдалануға берілген.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
869
0
Тау етегіндегі ауылдардың қар кетер кезде қарғын сумен алысып, бір әбігерге түсіп қалатыны бар. Әсіресе, қар қалың түскен жылдары үргін-сүргін үйреншікті жағдай. Адам қанша қабілетті дегенмен табиғат оған ішкі сырын алдыра қоймас, ұмыттырып барып, анда-санда бір үйіріп соғып қояды. Тәуба дегізеді, бұ күніне де шүкіршілік айтып, пенде байғұс бүрсең қаққанын өзі де білмей қалар. Биыл да сөйтті, Жаңақорған ауданының тау бөктеріндегі Бірлік ауылы таңсәрісінен сіркіреп басталған жаңбырдың соңы қалай қарғынға айналып кеткенін аңғармай да қалды. Бұл өткен аптаның сенбісі, ақпан айының 22-сі болатын-ды. Әуелі ескі арықтарды бойлай жөңкіген су бірте-бірте молайып, үй аулаларын, қора-қопсыны тіміскілей бастады.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
907
0
Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен?
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
1 255
0
Сәрсенбі күні облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен кезекті алқа мәжілісінде бес мәселе қаралды.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
861
0
Біз екеуміздің достығымыз қызық. Жас кезімізде, біреулер «мен досымды ешкімге айырбастамаймын, мәңгі дос болып өтеміз» деп, ант-су ішісіп жататын. Сол кезде, ешкімді соншалық дос санап көрмеппін. Бірнеше қыздар, балалықтың қиялы болар, «Гулканур» деген ат қойып, (қыздардың аттарының бас буындары) әйдік достықты қалыптастырғандай болдық. Ал қазір сол қыздардың қайда жүргендерін де білмейтін дәрежеге жеттік.
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
1 309
0
Шәкірт ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Ұстаз да диқан сияқты ғой. Әр баланың жанына білім дәнін себеді, қатайтып ұшырады. Бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
ТАҒЫЛЫМ
01 наурыз 2014 г.
2 114
0
Облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуында әйелдер қауымының алар орны айрықша. Нәзікжандыларымыз бүгінде ел тізгінін ұстаған ер азаматтармен қатар билік тізгінінде абыройлы қызмет атқарып келеді.
АҚПАРАТ
01 наурыз 2014 г.
880
0
Ол үнемі қауырт іс үстінде жүреді. Қатарындағы жанды біреудің көңілін қалдырып, кемсітіп, мүсіркеп отырғанын қаламайды. Өз намысын қамшылап өскендіктен болар, адамдардың бірін-бірі кемсіткенін көрсе, әлі де жаны төзбейді. Ол Қоғалының кең жазығында «Айдаршоқы» мекенінде дүниеге келді. Дүниеге келгелі көргені әжесі Зағипа мен көзі көрмейтін анасы болды. Қос анасының алақанында еш таршылық көрген жоқ. Тек әжесі қайтыс болып, бірінші сыныпты аяқтағанда қаршадай қыздың мойнына таршылық тауқыметі түсті.
ҚОҒАМ
01 наурыз 2014 г.
1 087
0