ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨРКЕНДІ ЖЕМІСІ

Қызылорда облысының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
ДӘУЛЕТ 01 ақпан 2014 г. 1 090 0

ӨНЕГЕСІМЕН ӨРКЕНІН ЖАЙҒАН

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер Бегімбай Ұзақбаевтың оқырмандарға жол тартқан жаңа туындысы осылай аталады.
РУХАНИЯТ 01 ақпан 2014 г. 1 038 0

ҚАЙДАСЫҢ, СЕН, АР-ҰЯТ, АДАЛ СЕЗІМ

Бұрын қыз бала оң босағада отырып балалы болып жатса, одан өткен масқара болмайтын. Тіпті, өліммен тең еді. Ата-ана елдің бетіне қарай алмай, қара бет болдық деп жұрттан ығысып, әбден ұмыт болғанша ел-жұртпен араласуға ұялатын. Қазіргі жағдай қандай? Мүлдем бөлек... Үйленбей жатып туу ешкімге таңсық емес. Осыдан екі-үш жыл бұрын түсік жасатушы қыздардың көбейгенін айтып дабыл қаққан едік. Бүгінде, міне, түсік жасатқанды былай қойғанда, баласын қоқысқа не өзгенің босағасына тастап кетіп жатқан көкек аналар көбейіп барады. 
--- 01 ақпан 2014 г. 1 159 0
ҚАЛАМ МЕН ҚАРЫМ

ҚАЛАМ МЕН ҚАРЫМ

Белгілі қаламгер Еркін Әбіловтің балдәурен балалық шағы Арал ауданының Жалаңаш елді мекенінде өтті. Әкесі Аққали ауылдағы абыройлы ұстаздардың бірі болатын. Ол осындағы мектепте білім тұнығынан алғаш сусындаған сүйікті ұлын қаламмен қанаттандырды. Сөйтіп, бала Еркіннің ойлы очерктері, ойнақы суреттеме-мақалалары мектеп қабырғасынан бастап сол кездегі аудандық, облыстық, республикалық «Толқын», «Ленин жолы», «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» басылымдарында бұрқырап жарық көріп жатты. Шәкірт тілшінің сол кездегі кейіпкерлері – теңіз тереңінен су маржанын сүзген балықшы қауымы, білім ұясындағы «бәрекелді-ай» дегізетін тың да тосын жаңалықтар болатын. 
ТАҒЫЛЫМ 01 ақпан 2014 г. 1 982 0

ОЙЫН – БАЛА ЖАНЫНЫҢ АЗЫҒЫ

Балалар тәрбиесінде балалар ойынының алатын орны ерекше. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Мысалы, «Қол сақина» ойыны балалардың шығармашылықтарын дамытса, «Ақсерек-Көксерек», «Орамал тастамақ», «Аударыспақ», «Арқан тартыс», «Көкпар» сияқты ойындар балалардың күш-жігері мен байқампаздық пен сезімталдықты, «Тоғыз құмалақ» ойыны баланың ойлау қабілетін арттырады. 
ҚОҒАМ 01 ақпан 2014 г. 2 059 0

АҚБӨКЕН АТЫП АРЫНДАҒАН

Қызылорда қалалық прокуратурасы заңсыз аңшылық жасап, балық аулау және тыйым салынған өсімдіктерді кесіп, табиғатқа зиян тигізушілердің жолын кесуде бірлескен рейдтер ұйымдастыруда. 
ҚОҒАМ 01 ақпан 2014 г. 1 098 0
ҚҰСЫ - КҮНГЕ ҒАШЫҚ,  ӨЗІ - ЕҢБЕККЕ АСЫҚ

ҚҰСЫ - КҮНГЕ ҒАШЫҚ, ӨЗІ - ЕҢБЕККЕ АСЫҚ

Сыр өңірі жұртшылығына қызыл қанат қырғауыл жақсы таныс болғанымен, оның  арғы аталас туысы тауыс құсын көпшілігіміздің біле бермейтіндігімізді несіне жасырамыз. Ертегілерде, аңыз әңгімелерде көбірек айтылатын құлаш жарым құйрығы бар өзгеше құсты «Бақыт құсы» деп әспеттейтін көрінеді. Өзі де бір әдеміліктің үлгісі іспетті. Ғалымдар оны тауықтәрізділер отрядының қырғауыл тұқымдастар қатарына жатқызатын болғандықтан  да құйрығын желпуіш секілді жайып жіберіп, неше түрлі құлпыртатын тауысыңызды кәдімгі қазақы әдетімізбен өзімізге жақындатыңқырап, қырғауылдың туысқаны екен деп отырған жайымыз бар. Оның үстіне бұл сирек кездесетін құсыңыз Шиелідегі Ниязбек Нұрманов деген жігіттің ауласында емін-еркін жайылып, тауық шартағына қонақтап жүрсе, әлгі жоғарғыдағы ойымыз тіптен жаңсақ емес тәрізді. 
ҚОҒАМ 01 ақпан 2014 г. 1 664 0

ЕКІНШІ МӘРТЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

Соттардың жұмысын бағалап, көтермелеу мақсатында облыстық сот кеңсесі ұйымдастырған «Үздік баспасөз қызметі» байқауы мәреге жетті. Оның қорытындысы облыстық соттың кеңейтілген кеңесінде жария етілді. 
АҚПАРАТ 01 ақпан 2014 г. 782 0