ӨНЕГЕСІМЕН ӨРКЕНІН ЖАЙҒАН

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер Бегімбай Ұзақбаевтың оқырмандарға жол тартқан жаңа туындысы осылай аталады.
Алматы қаласындағы «Arna-6»  баспасынан шыққан тың туындыда деректі хикаят пен естеліктер топтастырылған. Жазушының бұл шығармасында өнегелі өмірімен артында өшпес із қалдырған ұлағатты ұстаз жайлы тебірене жазылған. Кітапқа арқау болған мәртебелі мамандық иесі, ағарту саласының майталманы Жақсылық Жылқышиев.
Жалағаш ауданының Иіркөл ауылында өмірге келген Жақсылық Ишанбекұлы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша тәмамдап, алғашқы еңбек жолын «Жер жаннаты – Жетісу» өңірінде бастаса, кейінірек туған топыраққа оралып, Жалағаштан талай жас талантты қанаттандырып ұшырған. Білім саласының білгірі «Ерен еңбегі үшін» медалін өңіріне қадаса, Жалағаш ауданының құрметті азаматы атанған.
Басылымда өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаздың азаматтық бейнесі жан-жақты суреттелген. Кітаптың тілі қарапайым.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

РУХАНИЯТ 01 ақпан 2014 г. 1 037 0