ЕКІНШІ МӘРТЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

Соттардың жұмысын бағалап, көтермелеу мақсатында облыстық сот кеңсесі ұйымдастырған «Үздік баспасөз қызметі» байқауы мәреге жетті. Оның қорытындысы облыстық соттың кеңейтілген кеңесінде жария етілді. 
Аудандық және оған теңестірілген соттар арасында өткізілген бұл байқау нәтижесінде Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі қатарынан екінші рет үздік деп танылды. Сот ұжымы бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасап, сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуде үнемі белсенділік танытып келеді. Осы ретте аталмыш соттың баспасөз хатшысы Ләззат Шаймованың еңбегін айта кеткен орынды.
Сонымен қатар, әлемдік ақпараттық базаларда мәліметтер алуға мүмкіндік беретін интернет жүйесіне ақпараттарды уақытылы енгізіп, ерекше белсенділік танытқан облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру және басылым беттерінен ақпараттар мен мақалалар жариялауды жүйелі жолға қойған Қармақшы аудандық соты Алғыс хаттармен марапатталды.   
Сот жүйесінің алдында тұрған міндеттердің бірі – сот жұмысын барынша ашық, халыққа қолжетімді ету. Сондықтан салада атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері жайлы халықты хабардар етуге бағытталған заманауи технологияларды қолдану – сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы жолында жасалған тағы бір маңызды қадам.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

АҚПАРАТ 01 ақпан 2014 г. 777 0