Үздіктер бақ сынайтын сайыс түрлері сан алуан. Олардың санынан жаңылысып қалуың ғажап емес. Шындығын айтқанда, Қазақстанда ашық су айдындарында өтетін сайыстар бойынша қоржынымыз қомақты болып жүрген жоқ. Дегенмен, оны дамытуға көңіл бөліне бастағаны жұртты қуантады. Қазақ елінің спорт әлеміне талай үздікті шығарып, көптеген таланттың томағасын сыпырған Сыр өңірінде де осындай серпілісті істер жасалуда. Солардың қатарында желкенді спорт түрлері бар.
ДОДА
29 қазан 2013 г.
1 376
0
Бұл өмірден небір жайсаңдар өткені ойға оралады. Аз ғұмырында Ғани Мұратбаев шығыс жұлдызы атанды, Саттар Ерубаев жиырмадан сәл асқанда «Менің құрдастарым» романын жазды, Шоқан отызға жетпей орыс ғалымдарын таңырқатты. Мен қоғам және мемлекет қайраткері Аралбай Махамбетовті осылардың өміріне ұқсатамын. Ол өте білімдар еді. Бар-жоғы 41 жыл өмір сүріп, дүниеден өтті. Бұған да биыл 40 жылдан асты. Жүйрік уақыт зымырап өтіп жатыр. Иә, Аралбай Махамбетов кім болған дейсіз ғой, оқырман?
ТАҒЫЛЫМ
29 қазан 2013 г.
1 341
0
Өркеш-өркеш болып түйедей шөгіп жатқан қалың қатпарлы қарт Қаратау сілемдерінің етегінде Талап ауылы орын тепкен. Бұл жердің табиғаты көркем, ауасы таза, суы балдай. Халқының ынтымағы жарасып, қаймағы бұзылмаған. Осы қасиетті өлкеден талай талантты дарындар, ғалымдар, дәрігерлер, ақын-жазушылар, спортшылар, өнер және қоғам қайраткерлері шықты. Осындай асыл текті азаматтың бірі – Зинабдин Шермағанбетов. Ол кісі ұзақ жылдар мектеп директоры болып және мемлекеттік қызметтер атқарды. Сондықтан ұстазымыздың кісілігі, тектілігі, біліктілігі, тұлғалығы жайында аз-кем қалам тартуды өзіме зор міндет санадым.
ТАҒЫЛЫМ
29 қазан 2013 г.
1 396
0
«Жайдарман» – қазіргі таңда телеарна арқылы көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан бұл сайыс – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, олардың интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірден өз орнын таба білуге баулиды.
РУХАНИЯТ
29 қазан 2013 г.
1 136
0
Баспасөз клубында облыс бойынша санэпидқадағалау департаментінің ұйымдастыруымен «Тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекциясы бойынша эпиджағдай және оның алдын алу жолдары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.
АҚПАРАТ
29 қазан 2013 г.
1 170
0
Соңғы жылдарда Сыр өңіріндегі іргелі жобаларды жүзеге асыруда «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы белсенді қызмет көрсетіп келеді. Бұл жұмыстар бүгінгі күнге дейін өзекті проблемалардың бірі болды. Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев сол түйткілдердің түйінін тарқатуға ерекше мән беріп, сол бағытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға нақты міндеттер жүктеді. Үстіміздегі жылдың бедерінде сол тапсырмалар негізінде ауқымды іс-шаралар атқарылып, халықтың мүддесі үшін игілікті жұмыстар жасалды. Олардың қатарында барлық салалар бойынша іске асқан және алдағы уақытта жасалатын жобалар баршылық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
29 қазан 2013 г.
1 759
0
«Альянс Банк» акционерлік қоғамы басқарма басшылығының 2013 жылғы 22 қазандағы бұйрығымен Мұсабаев Еркінбек Түркбенұлы «Альянс Банк» АҚ Қызылорда филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
АҚПАРАТ
29 қазан 2013 г.
1 341
0
Жылдағы дәстүр бойынша Жалағаш ауданының егінші-механизаторларының мерейін тасытқан «Алтын дән» мерекесі тойланды. Мерекеге орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұртшылықтан көз сүрінеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
29 қазан 2013 г.
1 006
0
Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылындағы «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов биылғы жылғы ауылшаруашылық қорытындысында озат төраға атанып, «Алтын күз-2013» жеңімпазы болды. Бұл марапат тосын жағдай емес, ол әрдайым-ақ, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген басшының қатарынан саналады.
ҚОҒАМ
29 қазан 2013 г.
1 271
0
«Арал». Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама сыр жатыр десеңізші. Бір сәт тарих жылнамасына көңіл аударайықшы. Өткен ғасырда ұлы теңіз қуанышты сәтті де, қасіретті шақты да басынан кешіргені баршаға мәлім. Қазекеңе ата-қонысынан асқан жерұйық болар ма? Шалқыған айдын шаңдағы шыққан тақырға айналып, телегей теңіз келмеске кеткен ауыр күндер жалпақ жұрттың әлі түсіне кіреді.
ҚОҒАМ
29 қазан 2013 г.
1 417
0