
«Жайдарман» – қазіргі таңда телеарна арқылы көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан бұл сайыс – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, олардың интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірден өз орнын таба білуге баулиды.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан КТК Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі мен республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бірлесіп «Өз заманының жаңа қаһармандары» әріптестік меморандумына отырды. Осы жобаға орай, мектеп оқушылары арасында «Жайдарлы Жас ұлан» КТК лигасы құрылатын болады. Жайдарман ойындарын балалар арасында дамытып, қажетіне жарату үшін қосымша білім мекемелерінде «Жайдарлы Жас ұлан» үйірмелерін ашу көзделуде.
Кездесуге қатысқан облысымыздың бетке ұстар «Арал-Ас», «Тереңөзек», «Қорқыт қырандары», «Тұңғыш Астана» КТК командаларының ойыншылары да оқушылардан еш көмегін аямайтындарын айтты. Кездесу соңында Сыр «Жайдарман» жүргізушісіне алғыстарын білдіріп, ұйымның атынан сыйлықтарын сыйлап, естелікке суретке түсті.
Гүлайым АҚМЫРЗАЕВА,
облыстық «Жас ұлан» ұйымының төрайымы.