«Халқым, заңды біл» аттас құқықтық акция аясында Жалағаш ауданының прокуроры Хадиша Жұмағұлова «Нұр Отан» партиясы, аудан әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық ішкі істер бөлімі және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып аймақтағы елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізуде.
АҚПАРАТ
31 қазан 2013 г.
963
0
Жұртшылық арасында кітапханашыларды «руханият шырақшылары» деп те атайды. Орынды сөз. Оңтайландыру тұсында көп кедергілерге ұшыраған саланың қазіргі таңда басына бақыт құсы қайтадан қонғандай. Кітап қоры молайды. Заманауи қондырғылармен жабдықталуы да көңіл көншітеді. Соған орай кітапханашыларға жүктелер міндет те, қойылар талап та күшейді. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы нақ осындай жауапкершілік жүгін арқалап жүрген аралдық кітапханашылар жайлы өрілмекші.
РУХАНИЯТ
31 қазан 2013 г.
1 209
0
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
БИЛІК
31 қазан 2013 г.
1 679
0
Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 1 қарашасында «Арал фестивалі» мерекелік шараларын өткізуді жоспарлап отыр. «Арал фестивалі» аясында Сыр сүлейлерінің ізбасарлары жырдан шашу шашса, арқалы ақындарымыз айтыс көрігін қыздырып, жазба ақындар Аралдың бүгінгі кескін-келбетін сұлу сөздермен өрнектемек.
АҚПАРАТ
31 қазан 2013 г.
1 310
0
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыс бойынша департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі Шиелі ауданының Тартоғай елді мекенінде орналасқан. Мекеменің басты міндеті сотталған қоныстанушыларды жұмысқа орналастыру болғандықтан, оларды мүмкіндігінше ақылы жұмысқа тартуға күш салынуда.
ҚОҒАМ
31 қазан 2013 г.
1 097
0
Биылғы жыл қазалылық диқандарға бөтен болған жоқ. Басты дақыл күріштің әр гектарынан қомақты өнім жиналды. Сондай-ақ, өзге дақылдардан да алынған түсім көлемі ойдағыдай. Қазалыда машина-трактор паркін жаңалауда ілгерілеушілік байқалады. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңадан бірқатар шетелдік өнімділігі жоғары техникаларды лизингтік тәсілмен сатып алды.
АҚПАРАТ
31 қазан 2013 г.
1 178
0
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша іс-шаралар жобасының шеңберінде өткізілетін, «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» атты Қазақстан Республикасының тарихындағы алғашқы конкурсының басталуы жарияланып, бұл конкурс қазан айына дейін жалғасын тапты. Бұл шараның мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдануға қоғамдық назарды аудару.
ҚОҒАМ
31 қазан 2013 г.
3 689
0
Алдағы жылу маусымына «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық кәсіпорны бірқатар дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізді. Кәсіпорынның негізгі және қосымша қондырғылары, қазандықтар, жылу жүйелері, ғимараттар жөндеуден өткізілді. Бүгінгі таңда оңтүстік қазандық жылу маусымын атқаруға дайын. Сонымен бірге, жылу жүктемесін көтеруге алты қазандық әзір. Осы алты қазандықтың жылу маусымы кезінде біреуі қосалқы режимде тұратын болады.
АҚПАРАТ
31 қазан 2013 г.
1 063
0
Өздеріңізге мәлім, Елбасымыз биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
ДӘУЛЕТ
31 қазан 2013 г.
1 017
0
Сейсенбі күні «Импреза С.п.А.» АҚ филиалы ғимараты алдына компаниядан алашағы бар жұмысшылар жиналды. Осы күні мекемеден 10 миллион теңгеден астам жалақыны өтеуді сұраған сексенге жуық жұмысшының талабына орай, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбдіғазиз Әлжан баспасөз мәслихатын өткізді.
ҚОҒАМ
31 қазан 2013 г.
1 161
0