«ЗАҢ» КЕРУЕНІ АУЫЛДЫ АРАЛАП ЖҮР

«Халқым, заңды біл» аттас құқықтық акция аясында Жалағаш ауданының прокуроры Хадиша Жұмағұлова «Нұр Отан» партиясы, аудан әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық ішкі істер бөлімі және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып аймақтағы елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізуде.
Заң керуені аудан тұрғындарына заң талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіру, яғни азаматтардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру бағытында жұмыс атқарады. Сондай-ақ құқықтары шектелген топтар анықталып, тұрғындарды толғандырып жүрген толғақты сұрақтарға  тұшымды жауаптар беріледі. Айтқандай, осы кездесулер барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негіздері де түсіндіріліп, оған жол бермеудің шаралары пысықталды.
Аудан прокуроры «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен бірлесе отырып, жеке және заңды тұлғаларды да қабылдау жүргізіп, олардың тараптарынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Жалағаш ауданы.
АҚПАРАТ 31 қазан 2013 г. 959 0