БҰҰ Наурыз мерекесін қарсы алды

БҰҰ Наурыз мерекесін қарсы алды

 Наурыз айында ғаламшардың 300 миллион тұрғыны Наурыз мерекесін атап өтеді. Бұл күні оңтүстік жартышарда күз болса, солтүстікте - көктем. Наурызды Балқан, Қара теңіз, Кавказ, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері бірнеше мыңдаған жылдар бойы атап өтіп келеді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығының хабарламасында айтылған. 2009 жылы Наурыз мерекесі Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілсе, 2010 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы оны халықаралық күн деп жариялады. «Бұл күні біздің өлкеде ауылшаруашылық жұмыстары басталады. Бұл өкпе-ренішті ұмытып, кешіру және құрметтеу күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес, бұл мереке халықаралық күн ретінде аталып өтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 487 0

ОН БІР АЙЫМ БІР ТӨБЕ, БҰЛ БІР АЙЫМ БІР ДАРА

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi.  Бұл ұлттық мереке  Қазақстанда ресми түрде 1988 жылдан бері тойлана бас­тады. Осы мезетте күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ ыстық буға бөгеді.Халқымыздың жетi түрлi дәмнен наурызкөже  жасайтын жақсы дәстүрі бар.  Санамызда "наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады" деген сенім қалыптасқан. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 481 0
АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ...

АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ...

 Асықты айтсаң, ауыл еске түседі. «Асық ойнап жатыр екен» десе, елең етпейтін қазақ жоқ.  Осы бір сөздің өзі ауылда өскен қазақты жастық шаққа қарай жетелей жөнеледі. Көз алдыңа туып-өскен ауылдың мамыражай тіршілігі тізбектеліп келе бас­тайды. Кешкі салқынмен өрістен ауылға қайтқан малдарды қораға қамап, қозыны көгендеп қой мен ешкіні түгендеп жайғастырған соң ауыл балалары асыр салып асық ойнауға кірісіп кететін. Ауылды жерде қой көп, әр үйде дорба толы асық тұратын.  Қора толы мал өз төліне емірене маңырап жатса, қораның айналасында шеңбер сызып, асық ойынға кіріскен ауыл балаларының сақ-сақ күлген көңілді шуылы ауылдың азан-қазан болып жатқан кешкі қарбаласының ажырамас бір бөлігіне айналушы еді. Осы бір көрініс ауыл деген үлкен картинаның ажырамас бір бөлігіне, ауылдың ажарын кіргізіп тұрған көрігіне айналып үлгергені қашан?!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 557 0

НЕГІЗГІ САЛАДАҒЫ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

Сырбойылық диқандар биыл 177,1 мың гектар жерге егiн егуді межелеп отыр. Осы бағыттағы дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің даму жайы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен мәжілісте талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 779 0
Ұлық мерекені тойлауды бастап кетті

Ұлық мерекені тойлауды бастап кетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы қарсаңында жұмысқа ұлттық киіммен келіп, қызмет алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 579 0
Оқушылар өрт сөндіру бөлімі ғимаратында

Оқушылар өрт сөндіру бөлімі ғимаратында

Азаматтық қорғау қызметкерлері Жаңақорған ауданының №10 Өрт сөндіру бөлімі ғимаратында ашық есік күнін өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 844 0
Мемлекеттік тіл мәртебесі

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын оқырмандарға кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге орай «Ұлттық руханиятымыздың өзегі-тіл» атты ток-шоу ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 653 0
Туберкулезді енді жаңа дәрімен емдейді

Туберкулезді енді жаңа дәрімен емдейді

 2017 жылы құрт ауруымен күресетін адамдардың саны 16 процентке төмендеді. Бұл облыста туберкулезге қарсы күрестің жүйелі жүргізілгенінің айғағы. Бір қызығы, бұл дертке 50 жылдан бері жаңа дәрі шығарылмаған. Биылдан бастап жаңа 3 дәрі емдеу курсына енгізілді.  Көптеген дәріге төзімді науқастар бұрын 24 ай емделсе, жаңа дәрі бойынша емдеу ұзақтығы 9-12 айға қысқарды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 574 0

Волонтерлармен бірге үгіт-насихат жүргізді

Көпқабатты тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және «Жас Отан» жастар қанатының волонтерларымен бірлесіп, көпқабатты үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 552 0
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 610 0