Судан келер қауіп сейілді

Судан келер қауіп сейілді

Сырдария өзенінің жағасына қоныс тепкен сырбойылықтар көктем келісімен әбігерге түсетін. Өйткені, асау мінезді дарияның су тасқыны шабындық пен жайылымдық, егістік жерлерді ғана емес, елді мекендерді де әбігерге салатын. Осы бір төтенше жағдай салдарынан су шайып кеткен егіс көлемі қысқарып, шабындық, жайылымдық жерлер де жұтаңдап, кәдеге жарамай қалушы еді. Осындай жағдайға ұрынбау үшін, су қаупін сейілту мақсатында сырбойылықтар күн-түн дамыл таппай дария суын басты бақылауларына алып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 мамыр 2017 г. 725 0
Төрт түлігім - байлығым

Төрт түлігім - байлығым

Дәстүрлі түрде биыл ІІІ-ші облыстық малшылар слеті Қаратау етегі Қақпа шатқалында ағымдағы жылдың 13- мамыр күні өтетін болды. Бұл малшы қауымға жасалған құрмет және мұны мал басының артуы деп білген жөн. Себебі жыл сайын төрт түліктің саны көбейіп, өріс өсіп,қора құтқа толып келеді. Оны ауылшаруашылығы басқармасы берген мәліметтен-ақ аңғаруға болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 мамыр 2017 г. 656 0
Университет ректоры студенттерге дәріс оқыды

Университет ректоры студенттерге дәріс оқыды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша университетте атқарылатын іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар жобасы бекітілді. Медиа-жоспарға сәйкес Елбасы мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Бисенов студенттерге «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және жастар» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Саяси-экономикалық жаңғырумен бірге, рухани жаңғыруға бастайтын бағдарламалық мақаланың мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Ондағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы деп аталатын 6 бағытқа жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының ел дамуы жолында ерекше мәнге ие екендігін баяндады. Сондай-ақ ұлттық сананы айқындап, қоғамдық сананы өзгертуге арналған Елбасының бағдарламалық мақаласына дүниетанымдық-идеологиялық мақала деп баға берілді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 мамыр 2017 г. 714 0

Күзет қызметкерінің арнайы нысанды киімін заңсыз киіп жүрген

Мемлекет басшысы 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, соның негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және «Күзет қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізілген болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 мамыр 2017 г. 562 0

ҚҰС ФЕРМАСЫНЫҢ ӨНІМІ САТЫЛЫМҒА ТҮСТІ

Шиеліде өткен жылдың желтоқсанынан бері өз жұмысын бастаған құс фермасы 11 мың бас тауық балапанын күтімге алған еді. Міне, өзіндік сыры бар бұл шаруаның да жемісі көрінді. Мамыр айының басынан бері мұнда тауық жұмыртқалары жиналып, саудаға шығарыла бастады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 мамыр 2017 г. 559 0

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялағаны белгілі. Осыған орай облыстың барлық мектебіне ата-аналар келді. Бұл күні облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов және қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов қала орталығындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар, дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебіндегі ата-аналар жиналысына қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 728 0
«ҚазАгроКепіл» АҚ-ның өкілдігі жұмыс жасауда

«ҚазАгроКепіл» АҚ-ның өкілдігі жұмыс жасауда

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның мамандары кәсіпкерлермен және аймақтағы қаржы институттарының өкілдерімен кездесті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 487 0
Қызылордада БҰҰ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің 4-ші әлемдік апталығы өткізілуде

Қызылордада БҰҰ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің 4-ші әлемдік апталығы өткізілуде

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акция шеңберінде 2017 жылдың 10 мамыр күні Жол қозғалысының жас инспекторлары және Қызылорда қаласындағы №198 орта мектебінің оқушылары іс-шара өткізді. Шара барысында оқушылар көлік жүргізішілері мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасап, жолда жүру мәдениетін сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ, олар аумақ басшысына өтініш білдіріп, барлық жол қозғалысы қатысушыларының атынан жол қозғалыс қауіпсіздігінің әлемдік апталығын қолдауын сұрады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 997 0
Республикалық турнир  жеңімпаздары анықталды

Республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

8-12 мамыр аралығында Қызылорда қаласында теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Қызылорда мастерс» республикалық турнирі өтті. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен, Алматы, Ақмола, Батыс  Қазақстан облысы және Қызылордадан 60 теннисші қатысып, үздіктер анықталды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 476 0
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» анықталады

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» анықталады

«Қазақстанның 100 жаңа есімін» анықтау үшін жақында El.kz порталында жаңа функция іске қосылады. Бұл туралы бүгін жобаны жүзеге асыратын жұмыс тобының алғашқы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 543 0