Қызылордада БҰҰ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің 4-ші әлемдік апталығы өткізілуде

Қызылордада БҰҰ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің 4-ші әлемдік апталығы өткізілуде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акция шеңберінде 2017 жылдың 10 мамыр күні Жол қозғалысының жас инспекторлары және Қызылорда қаласындағы №198 орта мектебінің оқушылары іс-шара өткізді. Шара барысында оқушылар көлік жүргізішілері мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасап, жолда жүру мәдениетін сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ, олар аумақ басшысына өтініш білдіріп, барлық жол қозғалысы қатысушыларының атынан жол қозғалыс қауіпсіздігінің әлемдік апталығын қолдауын сұрады.
Бұдан бөлек, шара барысында Жол қозғалысының жас инспекторлары бүкіл әлем балаларының көмегімен жасалған Жол қозғалыс қауіпсіздігінің балалар декларациясын Қызылорда ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Шағырбай Руслан Ишанбекұлына табыстап, ол кезегінде Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК атынан Жол қозғалыс қауіпсіздігінің 4-ші әлемдік аптасының ашылуымен құттықтады.
Қызылорда облысының тұрғындары арасында жылдамдықты сақтау ережесін бұзбау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Жол қауіпсіздігінің мәселесі барлық әлемнің дамығын мемлекеттерде өте өзекті мәселе балып табылады. Зардап шеккендердің жас шамасы – 10 мен 24 жас аралығын қамтиды.
Жылдамдықты асыру – ол жолдағы қауіп-қатердің басты факторы болып табылады.
Жылдамдықты асырған сайын жол апатының құрбаны болу қаупі жоғарылап, ауыр жол көлік оқиғаларының орын алуына әкеп соқтырады. Жылдамдықты сақтау мәселесі тек жүргізушілер мен жолаушыларға ғана емес, ол басқа да велосипедисттер және жаяу жүргіншілер сияқты жол қозғалысының қатысушыларына да қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 994 0