8-12 мамыр аралығында Қызылорда қаласында теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Қызылорда мастерс» республикалық турнирі өтті. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облысы және Қызылордадан 60 теннисші қатысып, үздіктер анықталды.
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында қызылордалық спортшылар белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, Ерасыл Ерділда алтыннан алқа тағынса, Жақас Қозбақ күміс жүлдені, Бекжігіт Минаж қола жүлдені еншіледі.
Ал қыздар арасында қызылордалық Эдельлис Нармағанбет жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды астаналық Адема Асқарова, үшінші орынды қызылордалық Урсула Рахмет иеленді.
Микст ерекшелігі бойынша 1-орын Жақас Қозбақ, Эдельлис Нармағанбет (екеуі де Қызылорда), 2-орын Ерасыл Ерділда (Қызылорда), Таира Әбілдаева (Алматы қ.) 3-орын Адема Асқарова, Игорь Татаров (екеуі де Астана қ.).
Енді Е.Ерділда, Ж.Қозбақ және Э.Нармағанбет 21-25 мамырда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына (Ашхабад) іріктеу жарысына қатысады.