Бүгін, яғни 24 шілде күні ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге келгеніне тура 159 жыл толады. «Халық жауы» ретінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы шығармашылығына тыйым салынған ақынның есімі 1988 жылы толық ақталған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 шілде 2017 г.
721
0
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлерге арналған үш дұғаны жариялады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 шілде 2017 г.
786
0
Көздің жауын алар неше түрлі киімдер, тартымды ерлердің жанында жүрген сәні мен салтанаты келіскен әйелдер, екі көздері төрт болғанша сүйікті әртістерін күткен жанкүйерлер – осылайша Астанада "Евразия-2017" халықаралық кинофестивалі бастау алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
876
0
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тұрғындар арасында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
975
0
Қызылорда облысының суармалы жер¬лерінің тозуы мен суару кезеңінде су тап¬шылығының өсуі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім¬ді¬ліктерін төмендетуде. Сырдария өзенінің минерал¬ды¬лы¬ғының артуы және гидротехникалық құрылым¬дардың тозуы, суармалы жерлердің тұздануы мен сортаңдану үдерістерін жеделдетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
841
0
(Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы)Мемлекеттік экологиялық сараптама саласы бойынша. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 48 және 71-баптарына сәйкес өз құзіреті шегінде табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру мемлекеттік қызметін көрсетеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
515
0
2017 жылғы маусымда Қызылорда қаласының тұрғыны үй алдында тұрған «KIA Cerato» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін көрсетіп ішкі істер органдарына шағымданады. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 24 жастағы және 20 жастағы 2 азамат ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
474
0
Қызылордалық полицейлер адамдардың сеніміне кіріп, ірі көлемдегі ақшаларын алаяқтық жолмен иемденіп, пайдасына жаратқан 35 жастағы ер азаматты қолға түсірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
448
0
Қызылорда облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына тосқауылды күшейту және нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы бірнеше жобалар жүзеге асырылып, тиісті ұйымдастырушылық шаралар жасалуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
531
0
2017 жылдың 6 айында облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 20 689 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 709-ы алыс шетелдерден, ал 19 980-ы ТМД елдерінен келгендер.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 шілде 2017 г.
403
0