ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

(Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы)
Мемлекеттік экологиялық сараптама саласы бойынша. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 48 және 71-баптарына сәйкес өз құзіреті шегінде табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Қоршаған ортаға эмиссиялар ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау болып табылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №301  бұйрығына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу мемлекеттік қызметі II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс, ал алдын-ала сараптамадан өткізу үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетіледі.
Сонымен қатар, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мерзімі ІІ са¬наттағы объектілер үшін – өтінім тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде, ІІI санаттағы объектілер үшін – өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде; IV санаттағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бас¬тап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Көрсетілетін қыз¬метті беруші көрсетілген қызметті алушы құжаттарды алған кезден бастап ІІ санаттағы объектілер үшін он бес күнтізбелік күннен аспай, ІІІ санаттағы объектілер үшін бес күнтізбелік күннен аспай  ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 1-жарты жылдығында 149 шаруашылық субъектілері болып табылатын  кә¬сіп¬орындар, ұйымдар, мекемелер, ша¬ғын және жеке кәсіпкерлер арқы¬лы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сарап¬та¬ма¬ның қорытындылары берілді.
Ал, өтінімдер бойынша 181 таби¬ғат пайдаланушылар үшін оның ішінде ІІ санат – 22, ІІІ санат – 31, ІV санат  128 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.
Бұған қосымша бөлім тарапынан қоршаған ортаға эмиссиялар үшін міндетті төлемдерді толық және уақы¬тылы түсіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, табиғат пайда¬лау¬шыларға қоршаған ортаға эмиссия¬¬лар үшін рұқсаттардың берілгендігі туралы Қызыл¬орда облысы бойынша экология департаменті мен Салық департаментіне хабарламалар электронды түрде жолданып отыр.
Сонымен қоса, қоршаған орта¬ға эмиссияға рұқсат беру және мем¬ле¬кеттік экологиялық сараптама қоры¬тындысын беру мемлекеттік қыз¬мет¬тері бойынша  сұрақтарыңызға 8(7242)60-53-69 байланыс телефоны арқылы жауап алуға болады.
Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы саласы бойынша. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1 жарты жылдықта 199 қызмет көрсетіліп оның 2 қызметі аң аулауға рұқсат алса, 197 қызметі бойынша балық аулауға рұқсат алды.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өтінім (кәсіпшілік балық аулауға);
жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкі¬лінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
жануарлар дүниесін пай¬да¬лан¬ғаны үшін төлемақы туралы төлем құ¬жа¬тының көшірмесі.
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жыл басынан бері 5 қызмет көрсетілді. Оның ішінде Кіші Арал теңізінің 1 учаскесі және 4 аңшылық алқап жаңадан облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді.
Көрсетілетін қызметті ¬алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгін¬ген кезде мемлекеттік қызметті көр¬сету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі.
Орман шаруашылығы саласы бойынша. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет» стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы 415 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қырқүйектегі  № 155 қаулысымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» және «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар бекітілген.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қыз¬мет барлық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер арқылы қызмет көрсетіледі.
2017 жылдың басынан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті барлығы 187 адамға көрсетілді. Орман билеті – 178, ағаш кесу билеті 9 адамға берілді.
Жыл басынан бері ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз, шағымдар мен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік  қызмет тіркелмеген.
Су шаруашылығы саласы бойынша. «Жерүсті су объек¬тілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақ¬сат¬тар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қыз¬меті алдын ала жазылусыз және жедел¬де¬тілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәр-тібімен көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгін¬ген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжат:
ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жаб¬дықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалану негіздемесіне қатысты мәлі¬меттерді, су пайдалану мақсатын, жерасты суларын өндірудің жылдық және маусымдар бойынша есептік көлемін, сондай-ақ пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың санын қамтитын еркін нысандағы өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті беру¬ші¬ге құжаттар топтамасын тап¬сырған сәттен бас¬тап – 30 (отыз) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пай¬да¬лануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік қызметтін көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі мем¬лекеттік көрсетілетін қызмет стандартының «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №19-1/422 бұйрығымен  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11765 болып тір¬кел¬ген) бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пай¬да¬лануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылды.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжат¬тар топтамасын тапсырған сәт¬тен бас¬тап 43 (қырық үш) жұмыс күні.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 511 0