СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қызылорда облысының суармалы жер¬лерінің тозуы мен суару кезеңінде су тап¬шылығының өсуі ауыл шаруашылығы дақыл¬дарының өнім¬ді¬ліктерін төмендетуде. Сырдария өзенінің минерал¬ды¬лы¬ғының артуы және гидротехникалық құрылым¬дардың тозуы, суармалы жерлердің тұздануы мен сортаңдану үдерістерін жеделдетті. 
Қызылорда облысының гидрогеолого-мелиоративтік экспе¬ди¬ция¬сы¬ның мәліметі бойынша, облыстың суармалы жерлерінің басым бөлігі тұзданған. Осы жағдайда, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, топырақтың тамыр өсетін қабының сортаң¬дану мен сорлану дәрежесін шекті мөлшерге дейін тө¬мендетуді қажет етеді.Топырақ қабатындағы тұз қорының мөлшерін, күріш дақылын өсіру арқылы төмендетуге болады. Себебі, көптеген ғалымдардың пікірінше, күріш дақылы өсіп дамуы барысында көп мөлшерде (20000-25000 м3/га) суды қажет етіуі, топырақ қабатындағы тұздың шайылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан суармалы жерлерде күріш дақылы бірден бір топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартатын дақыл болып саналады.Бірақ та, күріш жүйелеріндегі кәріз-қашырт¬қы¬лардың конструкция¬лары мен параметрлерінің ерек¬шеліктері, жер асты суы дең¬гейінің жедел жер бетіне дейін көтеріп жібереді. Осыған байланысты топырақ қабатынан тұз шайылу үдерісінің қарқыны төмендеп, күріш егілмеген көршілес суармалы жерлердің сорлануы мен сортаңдануы байқалады.Күріш жүйелерінде мелиоративтік үдерістердің тұрақсыздығы және соған байланысты күріш егілмеген суар¬малы жерлердің жедел тұздануы мен сортаңдануы, оларды шекті дәре¬жеге дейін мелиорациялауды қам-тамасыз ететін әдістерді жасауды қажет етеді. Бұл бағытта Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс¬ти¬тутының қызметкерлері көп жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.Зерттеу нәтижелерін Сырдария өзенінің минерал¬ды¬лығы 0,5-0,7 г/л, ал кәріз суының мөлшері суару суының 12,5-15 пайыз құрайтынын көрсетіп отыр. Ал, қазіргі ¬суару суының минералдылығы 1,2-1,5 г/л, қашыртқы-кәріз суының орташа минералдылығы 3,5-4 г/л жағ¬дайында, мелиоративтік жағ¬дай¬ларды тұрақтандыру, қашыртқы-кәріз суының мөлшері суару суы мөл¬ше¬рінің 40 пайызын құрап, 8000 м3/га болғанда орын алады. Бұл, кәріздер арасын екі есе жақындатуды қажет етеді. Қазіргі кезде бұл жұмыстарды іске асыру көп қаражатты және күріш жүйелерін қайта құрылымдауды қажет етеді. Осыған ¬байланыс¬ты тозған, құнарлығы төмен жерлер айналымнан шығарылды. Суару суы сапасының төмендеуі және жетіс¬пеу¬шілігі жағдайында, айналымнан шығарылған жерлер, «құрғақ кәріз» міндетін атқарып, топырақтың тұз¬дануы мен сортаңдануын тежейді.Күріш жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін, кәріздің жұмыс істеу қабілетін арттыру мен қатар қол¬даныстағы суару режимін оңтай¬лан¬дыру арқылы қамтасыз етуге болады. Осы шаралар арқылы жер үсті және ыза суларын бірегей басқаруға мүмкіндік жасалады. Бұл жағдай, суару барысында орын алатын табиғи ортадағы жеке компоненттердің өзара байланыс¬тарының тепе-теңді¬гі¬нің бұзылуы, органоминералды қоспалардың қозғалу бағытының өз¬геруі мен жылдамдығына әсері төмен болғанда орын алады. Бұл мәселені топырақ қабатынан тұз шаю механизмін күшейту мен қореꬬтік элементтердің шайлуын кеміту, суару суы мен тастанды су мөлшерлерін азайтып, жер асты суын субир¬ригацияға, қашыртқы суын ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға пайдалану арқылы шешуге болады. Қарастырылған шаралар ирригациялық жүйелерде эколо¬гиялық жағдайдың бұзылу қарқынын төмендетеді.Бұл өз кезегінде экологиялық тұрақты ирри¬гациялық жүйе құру, олардың техникалық жағ¬дайына, жер асты суы мен суару суының сапасына, суармалы аумақтың кәріздену дәрежесіне байланыс¬ты екенін көрсе¬теді. Себебі, олар су көзінен суарылатын жерге дейін тасмалдау барысында орын алатын технологиялық шығындардың  мөлшерін анықтайды. Бүгінде су тасымалдайтын жүйелердің 50 пайыздан астамы тозған.Каналдар мен кәріздердің тозуы мен суару суы  сапасының нашарлауы, мелиоративтік үдерістердің бағытын өзгертеді. Сондықтан, күріш суландыру кезінде тұз жиналу үдерісі басым болды. Сол себепті, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі кеміді.Суармалы жердің мелиоративтік жағдай¬ларының жедел нашарлауының бас себебі, суармалы жер мен гидро¬те¬х¬никалық құрылымдарға меншік иелерінің өзгеруі. Орын алған жағ¬дайда, жер игерушілермен гидро-техникалық құрылымдардың еге¬ле¬рінің ара¬сындағы қарым қатынас, суды сату-сатып алу негізінде жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарына және суару жүйелерін пайдалануға, баға қалыптасуының  бұзылуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің, суару суын су көзінен алуға, суармалы жерге дейінгі тасмалдауға, су тасмалдайтын суару желілерін және кәріз жүйелерін жөндеуге керекті эксплуатациялық шығындарды өтеуге шамасы келмейді.Сырдария өзені алабында ор¬на¬ласқан суармалы жерлердің өнім¬ділігін төмендететін тағы бір үдеріс – топырақтың сортаңдануы. Сор¬таң¬далған сілтілі топырақтарды химиялық мелиорациялау арқылы құры¬лымын жақсартып, құнарлығын арттыруға болады. Химиялық мелиорациялау барысында, мелиорант ретінде құрамында кальций катионы бар заттар қолданылады. Мысалы ондай мелиоранттарға гипс, кальцийлі хлор, дефекат (қант өндірісінің қалдықтары), фосфогипс (фосфор өндірісінің қалдықтары), күкірт қыш¬қылы және т.б. көптеген заттар қолданылады.Қазақстан жағдайында ең тиімді және арзан химиялық мелиорант фосфогипс болып саналады. Фосфо¬гипстің құрамында кальций катионынан басқа, топырақ құнарлығына тікелей әсер ететін, өсімдік пайдаланатын жылжымалы фосфор P2O5 бар. Сортаңдалған топыраққа 5 т/га мөлшерде фосфогипс қолданылса, онымен қоса 120-150 кг/га мөлшерде фосфор тыңайтқышы енгізіледі. Қазіргі кезде «КазФосфат» ЖШС фосфор тыңайтқыштарын өндіретін зауыттарының маңында 10 млн тоннадай фосфогипс бар.Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институ¬тының қызметкерлері, әртүрлі топырақтарда жүр¬гізілген зерттеулер негізінде, фосфогипсті сортаң¬далған топырақтарда қолдану технологиясын жасады. Бұл технология негізінен, күзде егінді жинап болған соң, топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында топырақ үлгілерін химиялық сараптамаға алуды және жерді 25-30 см тереңдікке жыртуды қарастырады. Жыртылған жерге, жаппай жауын-шашын жауар алдында, есептеген мөлшер бойынша фосфогипс енгізіледі. Фосфогипсті топырақ бетіне біркелкі енгізу үшін РУМ – 5 немесе 1 – РМГ – 4 қолданылады. Топыраққа енгізілген фосфогипс, жауын шашын суында еріп, топырақтың сіңірімділік кешеніндегі натрий немесе магний катионын ығыс¬тырып, оның сортаңдығын төмендетеді.Қызылорда облысының суармалы жер¬лерін оң¬тайлан¬дырып, ауыл шаруа¬шы¬лығы дақыл¬дарынан мол өнім алу үшін, қарас¬ты¬рылған шараларды кешенді түрде қолдануды қажет етеді. Бұл – Жасыл эконо¬ми¬каның негізі және шаруа қожалықтарының табыстарын арттырудың бірден-бір кепілі.Манат АЛТЫНСАРИЕВА,ғылыми қызметкер, экология  магистріҚазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 834 0