Екінші дүниежүзілік соғыстың оты шарпымаған отбасы жоқ шығар, сірә. Жүректерге соғыс салған жара, көңілдегі нала жазылған жоқ, жанардағы жас құрғады дей алмаймыз. Талай ердің жас ғұмырын жалмаған, талай ананы жесір, баланы жетім қалдырған зұлмат күндер біздің де әулетті айналып өтпепті. Әкемнің үлкен ағасы Мәжит Шәкірбайұлы жиырмаға енді аяқ басар жалындап тұрған шағында майдан шебіне аттанады. Содан 1943 жылдан бастап ешқандай хабар-ошарсыз кетеді. Артында ізі қалмайды, жерленген қабірінің қайда екенін де білмейміз. Бұл үлкен қасірет екен.
Тарих
15 маусым 2019 г.
1 481
0
Былтыр жазда Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан тоналмай, бүтін күйінде сақталған Алтын адам табылған еді. Енді, міне, тура бір жыл өтер-өтпес уақытта, нақтырақ айтсақ, 9 маусымда облыс орталығы – Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданы аумағындағы қола дәуіріне жататын Ақбауыр үңгірінің жанынан сақтардың қонысы табылды.
Тарих
12 маусым 2019 г.
968
0
Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы аян. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген жолдарды ой жібере оқып, зердемізге тоқып жүрген жайымыз бар.
Тарих
01 маусым 2019 г.
2 864
0
Ел тарихында миллиондаған азаматтың өмірін қиған қасіретті оқиғаларды білеміз. Олардың бірі – 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.
Тарих
30 мамыр 2019 г.
1 910
0
Сыр өңіріндегі Қышқала қалашығынан ерекше сәулетті сегіз қырлы көне ғимараттың орны аршылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тарих
28 мамыр 2019 г.
1 409
0
Аралдағы Ақбай ауылында тұратын Жанәбіл ұстаны көпшілік жақсы таниды. Ағаштан түйін түйетін ақбайлық шебердің қолынан шыққан дүниелерін ауылдастары қызыға тамашалайды. Мұндай өнермен зейнет жасына жеткен соң айналыса бастаған Жанәбіл Әбдешов бүгінде немерелері қалаған дүниелерді ойындағыдай етіп жасап береді. Қазіргі таңда ағаш ұстасының ескі моншасы мұражайға айналған. Еңкіш тартқан ескі сарайға бас сұқсаңыз, қолдан шыққан көп дүниеге кезігесіз. Елдегі сәулеті келіскен архитектуралық нысандардың ағаш түріндегі шағын пішіні соның ішінде. Қазақ батырларының түрлі қару-жарақтары да сол күйінше қолдан қашап жасалынған.
Тарих
21 мамыр 2019 г.
1 825
0
XIX ғасыр аяғы XX ғасыр басында қазақ елінде Петербург, Мәскеу, Омбыда оқып, білім алған саяси санасы оянған жалынды жастар өсіп шықты. Оның қарсаңында Ресейде түрлі қоғамдық қозғалыстар жүріп, саяси партиялар пайда болды. Ол әлеуметтік, ұлттық, азаттық, теңдік мәселелерін көтерді. Батыс елдердегі сияқты Ресейде де жеке басшылық тәртібін (билігін) тізгіндейтін конгресс, парламент сияқты халық қатысуы мен сайланған депутаттар кеңесі - мемлекеттік Дума дүниеге келді. Дума депутаттары арасында патшалық жүйені қолдайтындар да және оған қарсы әр ұлттың өз билігі өзінде болуын жақтайтындар да болды.
Тарих
19 мамыр 2019 г.
1 656
0
Әлем тарихы бүгінгі таңда бұрынғыдай батыс елдерінің мүдделері тұрғысынан ғана емес, ғаламдық өркениеттер ошағы болған шығыс халықтарының тарихтағы орны мен рөлін қаперге ала отырып, қайта зерделенуде.
Тарих
30 сәуір 2019 г.
2 029
0
Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында Ыдырысовтар әулетінде ғасырдан аса тарихы бар құты сақтаулы тұр. Құтының сыртында «Оть Туркестанского генераль-губернатора. 1882 г.» деген жазу қашалып жазылған. Сырты күмістен жасалған ыдыстың ішіне алтын жалатылыпты. Сондай-ақ, «Грачевь» деген жазу бар. Бұл ұстаның тегі болса керек.
Тарих
19 наурыз 2019 г.
2 428
0
Тынымбай би 1842 жылдың шамасында дүниеге келген. Жалағаш топырағында туған Тынымбай би туралы ел аузында әңгімелер көп-ақ. Соның бір-екеуі былай айтылады.
Тарих
09 ақпан 2019 г.
2 928
0