«Ыбырай орысқа сатылды. Шен алып, шекпен кию үшін Ильминский сияқты қаражүректермен жақын болды. Ақысына қазақ жұртын шоқындырып бермекші болды. Тірі күнінде осы бағытта қызмет қылды. Өлгенде үйінен бір сандық крест шықты. Өзі шоқынған. Аты-жөні Иван Алексеевич еді». Дәл осындай өсек кезінде Ұлы ұстаздың соңынан гулеп тұрды.
Тарих
08 қыркүйек 2017 г.
1 074
0
Бірде әлдебір шаруамен алдын ала телефон соғып, шет тілдер институтының ректоры Нұрымбек Жанділдинге бардым. Ол жылы қарсы алып, «таза ауаға барайық» деген соң, тысқа шығып, іргедегі Весновка өзені бойымен жоғары өрлей жүріп әңгімелестік. Оған себеп, екеуміздің о бастан сөзіміз жарасып, тату болғанымыз еді. Көп нәрсе қозғалды. Солардың ішінен мына бір айтқаны әлі күнге есімде.
Тарих
08 қыркүйек 2017 г.
1 154
0
Топырағын түртсең, тарлан тарихтан сыр шертетін қазақ жерінің әр пұшпағы қасиетті. Бабалар жолы мен аталар аманатының куәгеріндей көне жәдігерді әр тұстан табуға болады. Міне, сондай ескі бекініс Қызылорда облысының Шиелі ауданынан табылды.
Тарих
25 тамыз 2017 г.
1 553
0
Ресейдің Қаржы министрлігі Кеңес Одағынан қалған соңғы берешегін жапты. Атап айтар болсақ, осы уақытқа дейін ресми Мәскеу Босния мен Герцеговина мемлекеті алдындағы қарызын өтей алмай келгені белгілі. Өйткені кезінде Югославияның құрамындағы Хорватия, Сербия, Черногория, Словения және Македония елдері тәуелсіздік алғаны белгілі. Аталған елдердің алдындағы қарызын Ресей 2011-2016 жыл толықтай өтеді. 2017 жылдың 21 наурызында Босния мен Герцеговина үкіметаралық келісімге келгеннен кейін барып қана берешекті жабу мүмкін болды.
Тарих
23 тамыз 2017 г.
1 448
0
Жеті хан жерленген ежелгі Сарайшық қаласының орнынан Сталиннің өмірі баяндалған кітап табылды. Бұл туралы жергілікті журналист Нұргүл Ысмағұлова «Хан ордалы Сарайшық» мемориалды кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовқа сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Тарих
22 тамыз 2017 г.
898
0
Әрбір ұлтжанды азамат өз халқының, өз елінің тарихын білуге ұмтылуы заңды құбылыс. Содан болар, әр тарихшы өзінше тарих беттерін өрбітіп жатыр. Бұл – өте ауыр да жауапты шаруа. Себебі қазақстандықтардың әр ғасырда өмірге көзқарастары әртүрлі болды.
Тарих
15 тамыз 2017 г.
1 806
0
Сыр бойында көне қала мен киелі орын көп. Солардың бірі – Жаңақорған ауданында орналасқан Құмиян шаһары. Жалпы, бұл қала туралы ел аузында сақталған аңыз әңгіме баршылық. Алайда, олардың барлығы жыланмен байланысты болып келеді. Тіпті, мистикалық оқиғаларға құрылған әпсаналарда бұл қаладағы тіршіліктің тоқтауына да жыландар себеп болғаны айтылады. Сондай оқиғалардың бірін студент күнімде Талап ауылының тұрғыны Әбубәкір ақсақал айтқан еді.
Тарих
12 тамыз 2017 г.
2 022
0
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр-Алты Алаштың Анасы» деп текке айтпағандығын тарихтың көне қатпары дәлелдей түседі. Соңғы жылдары сыр өңірінен ел шежіресі туралы тың хабарлар жиі-жиі шығып жатады. Мәселен, Қарт Қаратудың сілемдері облысымыздың Шиелі ауданының територриясынан аяқталады. Тау бөктеріндегі Еңбекші аулынан шыққан жол дарбаза арқылы Теріскейге беттейді. Тау ішіне кіріңкіреген соң, алдыңызда Сауысқандық шатқалы созыла түсіп жатады. Міне, осы жерде көптеген құндылықтарға кезігесіз.
Тарих
08 тамыз 2017 г.
3 335
0
Тым ертеде Қаратаудың қойнауында бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Қара лашықты мекендеп, алдындығы он шақты қараның бірін жоғалтып, бірін түгендеп, бұл тірліктің басқа рахатын көрмеген екеуі бір перзентке зарығады. «Бір перзентке зар бопты» дегеннен бір ертегі бастағандай боламыз. Бірақ бұл ізі, дәлелі қалған, дәл өмірде болған оқиға. Көнеден естіген, көңілге түйген сол оқиғаны біз де баяндап бермекшіміз. Бәлкім, біреулерге ғибраты болар.
Тарих
08 тамыз 2017 г.
1 711
0
Түрк халықтарының ғасырлар қойнауынан сүрлеу тартқан салқар да шытырман тауарихы табиғат пен тұлғаны түйістірген түрлі құбылыстарды басынан кешіп, бүгінгі толағай белесіне көтерілді. Дәуірлер мен заманалар, қоғамдық жүйелер алмасып халықтың тағдыры тығырыққа тірелген өліара кезеңдерде алаш жұртына әманда көшбастаушы тұлғалары жол көрсетіп отырды. Түркі жұртын алып бәйтерек десек, сол бәйтеректің әрбір жапырағы бүршік атып, әрбір бұтағы қаулап өскен сайын діңі жуандап, қабығы қалыңдап, өзегіне түскен сақина саны арта берді. Толықсыған мәуелі бәйтерек лықсыған дән-дәнегін алысқа шашып отырды. Мұндай кезеңдерде санада сілкініс туады, жұрт танымы түлейді, замана тудырған толғақты сауалдарға кемеңгер даналар жауап беріп, бұл оқиғалар халықтың жадына қатталып, жан дүниесіне бедерлі із қалдырады.
Тарих
08 тамыз 2017 г.
1 248
0