Жатысыңызға қарап мінезіңізді таныңыз

Жеткізе алмаған ойыңызды денеңіз бен бет-бейнеңіз айтады. Мұны психологияда дене, тән тілі деп атайды. Яғни, адамның іс-қимылы мен ым-ишарасына қарап қандай адам екенін тану. Ым-ишараға адамның жатысы мен ұйықтау әдебі де енеді. Өйткені адам ұйықтағанда пәк күйде жатады да, ойы мен мінезін анық көрсетіп жатады. The Mirror басылымының жазуынша, мәселен, көрпені бүкіл денесіне жауып, бүркеніп, қаптанып жататын адамдар – қорғанышқа, қолдауға зәру, қамқорлықты жақсы көретін адамдар. Мұндай адамдар құшақтасып ұйықтағанды ұнатады. Ал төсектің бір шетінде жататындар – тәуелсіз, еркін ойлы адамдар. Олар жатып-тұруға ыңғайлы болу үшін төсектің шетіне құлай салғанды жөн санайды. Бұл олардың кез келген іске дайын екендігін білдіреді. Қолын басына жастық қып сүйеп жататындар – қазіргі өміріне риза еместер. Бұдан да артық нәрсені қалайды деген сөз. Жатарда киіммен жататындар да қамқорлыққа, қорғанышқа зәру жандар. Адамға сын айтылған кезде, бұға түсетіні сынды, жай өмірде де адам жайсыздық сезінгенде, қорғануға ұмтылады. Мұндай адамдардың көрпесі кеңірек болғаны жөн. Сонда тезірек ұйықтайды. Шалқасынан жататын адамдар – өзіне сенімді, ісіне жауап бере алатындар. Ал сәби сияқты бүрісіп жататындар жанындағы адамдарды бағалайтын, өзіне да бағалағанды ұнататын адам. Етпетімен жату денсаулыққа зиян. Жүрекке, қан тамырларына күш  пен салмақ түседі. Ең дұрысы – шалқасынан не бір жағымен жату.  Massaget.kz 
ТАНЫМ 25 наурыз 2020 г. 695 0

Карантин

Біз көптен бері науқаспыз. Біздің дерт агрессия, көреалмаушылық, дөрекілік, надандық, немқұрайлылық, жек көру, құнығу, жалған сөйлеу, екіжүзділік... Егер карантин жасаса, адамзат баласын тек коронавирустан сақтау үшін емес, бәрімізді жалпы карантинге отырғызу өзекті мәселе болғаны. Бірақ ол карантиннің себебі басқа.
ТАНЫМ 24 наурыз 2020 г. 794 0
20 жауды жайпаған 20-дағы қыз

20 жауды жайпаған 20-дағы қыз

Шайқас болған  жерді, көруге  келген  вермахт  командирлері  өздерінің  1 офицері  мен   19 солдатының  денелерін  көріп «шабуыл тұтқиылдан, әрі жаудың күші басым болған» деп қорытынды жасады. Себебі, бұлардың   бәрі  Европадағы  талай  елдерді  бағындырған «СС» - әскерінің нағыз баскесер  басқыншылары  еді. Егер  сол кезде 20 адамды, 20 жасар  қыздың   бір  өзі жайратып  тастады  десе де, олар сенбес еді.
ТАНЫМ 22 наурыз 2020 г. 804 0
ЖОМАРТТЫҚ ПЕН САДАҚА

ЖОМАРТТЫҚ ПЕН САДАҚА

 Баяғыда алмаған қамалы, жауламаған ел-жұрты жоқ бір патша болыпты. Ештеңеге мұқтаж емес, тек бір жазылмас дерті бар екен. Ауырған жүрегі күн-түні дүрс-дүрс соғып, жанын қоярға жер таппапты. 
ТАНЫМ 21 наурыз 2020 г. 798 0

Наурыз сөздігі

Әз – халық аңызында күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. “Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін” деген сөз бар. Осы гуілді Наурыздың 22-не  дейінгі үш күннің ішінде өтеді деп есептеген халқымыз: “Әз болмай, мәз болмайды” деген тәмсіл қалдырған. Әз өткенде өсімді әлемінен бастап, күлкі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады мыс.
ТАНЫМ 21 наурыз 2020 г. 569 0
Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз – әлемдегі ең ежелгі мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан астам уақыттан бері атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттерге дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. 
ТАНЫМ 21 наурыз 2020 г. 1 566 0
Ауыр сыннан өткендер

Ауыр сыннан өткендер

Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің жұмысы құпия бол­ған­дықтан, зейнеткерлері мен арда­герлері туралы ашық жазуға мүмкіндік болған жоқ. Сол себепті, басым көпшілігінің есімдері елге танылмай, еңбектері еленбей келгені рас. Қанша жыл өткенімен, ґлдеқашан дүниеден озған алдағы буын ағаларымыздың атқарған құпия жұмыстарын бүгін де көпшілікке жария етуге болмайды. Өйткені, тґуелсіз еліміздің қауіпсіздік орган­дарына кесіріміз тиіп кетуі мүмкін. Дегенмен, өмірден өткен ардагер ағаларымызды еске алып, ізгі қасиеттері мен өне­гелі өмір жолдарын баян етуді жөн көрдік.
ТАНЫМ 14 наурыз 2020 г. 610 0
Аурудан сақтанудың қарапайым амалдары

Аурудан сақтанудың қарапайым амалдары

Әлемдегі күрделенген жағдайға байланысты коронавирус ауруының тасымалы мен таралуының алдын алу, ел тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қалай қамтамасыз етуге болады? Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депатаменті осы орайда сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық шараларды ұстану керектігін ескертеді.
ТАНЫМ 13 наурыз 2020 г. 684 0
Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратуға болады?

Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратуға болады?

Әлем бойынша коронавирусты 100 мыңнан астам адам жұқтырды. Бұқаралық шаралардың өтпейтінін, рейстердің шегерілгенін ақпараттардан естіп отырған халық тамағы жыбырлап, аздап жөтелсе де, қауіптеніп, алаңдауы мүмкін. Сол себепті тұмау мен коронавирус белгілерін ажырата білген жөн, деп жазады CNN.
ТАНЫМ 13 наурыз 2020 г. 931 0
Құрттан туған хикая

Құрттан туған хикая

Қолыма екі түйір құрт іліккені. Әлдекімді дәлдеп ұрсаң, көзін шығаратындай тастай екен. Ауызға атып ұрып, әрі-беріден соң тіске де салып көргенмін. Болмады. Екі ұртқа кезек-кезек аунатып қойып, осы құрттан туған хикаяны жаза бастадым ал. Әй, өзі де біраз ермек болды. Сағат сайын темекі тістелейтін ауыз шіркіннің де іші пыспады ау бұл жолы...
ТАНЫМ 11 наурыз 2020 г. 541 0