Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз – әлемдегі ең ежелгі мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан астам уақыттан бері атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттерге дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. 

Бұл үйді тазарту, жамандықтан және өшпенділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. 

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклды аяқтағаннан кейін, өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолды – шеңберді қайта бастайтын байқады. Бұл бақылауының негізінде Хайям сол кезде билік еткен Джалал ад Дин Мәлік Шах ибн Әл-Арслан Селжүктің құрметіне «Мәлік күнтізбесі» деп аталатын жаңа күнтізбе құрастырды. Онда жаңа циклдың басталуы 22 наурызға – көктемгі күн мен түннің теңелетінін күніне түседі. 

Наурыз – көпшілік ойлап жүргендей, діни мереке емес. Сонымен қатар, көптеген ислам елдерінде бұл мерекені атап өтуге тыйым салынған. Сирияда және Иранда Наурыз мейрамы тойланбайды, ал Түркияда мерекені 1991 жылға дейін атап өтуге тыйым салынған болатын. 

Наурыз кезінде ислам діні тарапынан қудалауға ұшырап, Кеңес Одағы кезінде атап өтілуге тыйым салынғанына қарамастан, қазақ халқының ең маңызды мерекелерінің бірі болып қалды. Қазақстанда 1926 жылдан бастап Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. 

2010 жылғы 19 ақпандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» бағдарламасының 49-тармағына сәйкес «Халықаралық Наурыз мерекесі» деп аталатын қарар қабылданды. Сөйтіп, мерекені БҰҰ мойындады.

Наурыз – Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Түркияда, Тәжікстанда, Иранда, Әзербайжанда, Албанияда, Ауғанстанда, Ирактың Күрдістанында, Үндістан  және Македонияда мемлекеттік мереке. 

Наурыз түрлі елдердің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі өтеді. Бірақ, олардың бәріне ортақ бір ерекшелік бар. Бұл жеті элементтен, негізінен өсімдік өнімдерінен тұратын арнайы тағамды дайындау рәсімі. Алайда, бұл өнімдер өзгеше болуы керек. Сондай-ақ, бұл тағамның атауында да айырмашылық бар. Егер өзбектер бұл тағамды «сүмалак» деп атаса, қазақтар  «Наурыз көже» дейді.

ТАНЫМ 21 наурыз 2020 г. 1 630 0