Аурудан сақтанудың қарапайым амалдары

Әлемдегі күрделенген жағдайға байланысты коронавирус ауруының тасымалы мен таралуының алдын алу, ел тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қалай қамтамасыз етуге болады? Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депатаменті осы орайда сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық шараларды ұстану керектігін ескертеді.
Олар:
- ауру белгiлерi (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі) бар адамдар мен қарым-қатынасты тыю ;
- дене қызуын күніне екі рет өлшеу;
- тұрғын үй-жайларын тәулігіне екі рет желдету;
- тұрғын үй-жайларын ылғалды жинау кезiнде дезинфекциялау заттарын (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
- жеке гигиеналық талаптарды (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т.б.) сақтау;
- қолды сабынмен жуу (әжетханаға барғаннан кейін, қол алысқаннан кейін, көшеден оралғаннан кейiн, сондай-ақ, тамақ дайындамас бұрын);
- қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын, ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
- көпшілік жиналған жерлерге барғанда, көшеден қайтқанда мұрын және ауызды (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
- жөтелу, түшкіру кезінде ауызды бірреттік салфеткалармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабындап жуу немесе спирт ерітіндісімен, дезинфекциялық сулықтармен өңдеп залалсыздандыру;
- қоғамдық орындарда жөтелген немесе түшкірген адамдармен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кем дегенде 1 метр қашықтықта алысырақ тұру;
- ЖРВИ белгілері (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақжөтел, қалтырау, дененің қақсауы, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т.б.) пайда болған кезде үйде өздігінен емделмеу және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру керек;
- инфекция туралы қосымша ақпаратты call-орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша хабарласып білуге болады.


ТАНЫМ 13 наурыз 2020 г. 723 0