Әбдіманап Құтжанұлы 1967 жылы Жамбылдағы гидромелиоративтік құрылыс институтын бітіргеннен кейін туған жері – Сыр өңіріне келіп, аймақтың ауыл шаруашылығын жандандыруға бір кісідей еңбек сіңірді. Алдымен төменгі салаларда су шаруашылығы мамандығы бойынша еңбек етіп, облысымыздың егін шаруашылығын өркендетуге тер төкті.
ТАҒЫЛЫМ
22 мамыр 2018 г.
779
0
Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының 3-курсында оқып жүрген кезім. 1973 жылдың мамыр айында бір топ студентті, ішінде мен де бармын, барлығымыз қатты құрметтейтін, өзімізге тарих пәнінен лекция оқыған, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болған Мәди Құрманұлы Кереевтің кабинетіне жинады. Ол кісінің көңілі жабырқау күйде екені байқалып тұрды.
ТАҒЫЛЫМ
19 мамыр 2018 г.
669
0
Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері И.Әбдікәрімовтің туғанына 95 жыл. Осыған орай қайраткер есімін иеленген Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде еске алу шаралары өтті. Ардақты азаматтың өмір жолын ұлықтауға оқытушылар, студенттер және туған-туыс, әріптестері қатысты.
ТАҒЫЛЫМ
19 мамыр 2018 г.
710
0
Оның бойында адамзат баласына тән ізгі қасиеттердің бәрі табылатын. Өзінің кішіпейілділігімен, елгезектігімен, адамгершілігімен, қарапайым болмысымен қашанда көп ішінен дараланып тұратын. Өнерімен де, өмірімен де шәкіртке үлгі, жалпақ жұртқа өнеге бола білді. Жауапкершілік дейтін таудай міндеттің жүгін арқалай білетін де жан еді. Міне, мен әңгімелеп отырған Абдулла інім нақ сондай азамат еді. Саналы ғұмырын өнер жолына арнап, шәкірт тәрбиелеуде ұлағатты істі серік еткен Қармақшы ауданының мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Амал қанша, өткен жылы бауырға қамқор, жолдасқа адал, досқа сыйлы жаннан қапияда айырылып қалғанымыз бар.
ТАҒЫЛЫМ
19 мамыр 2018 г.
674
0
Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов жуырда Астанада әртүрлі төтенше оқиғалар кезінде ерлік жасаған балаларды марапаттады. Олардың арасында жаңақорғандық Сержан Әбдірейім де бар.
ТАҒЫЛЫМ
19 мамыр 2018 г.
558
0
Қаратерең...Сырдың теңізге құяр сағасында орын тепкен, қос алыпты тел емген ауылда дүниеге келген Бегімбайдың бала қиялы бай болған секілді. Өйткені ақжал толқынды теңізде жүзген кемелер де, дариядан таралған айна көлдердегі ақжелкенді қайықтар да қиялына қанат бітіретін. Сондықтан арманшыл ауыл тентектерін үлкендер «Осылардан бірнәрсе шығады» деп арқадан қағып қоятын еді.
ТАҒЫЛЫМ
17 мамыр 2018 г.
678
0
Жалғанның жарығына келген әркім де тіршілікте өзінше із салады. Біреу байлығымен мақтанса, тағы бір жан қоғамның рухани жұтаңдамауына жан-тәнімен қызмет етіп, ұлттың ұмыт қалған құндылығын жиып-теріп жүреді. Дәл бүгінгі күні материалдық тұрғыда бақуаттылардың бәсі озып тұрғаны рас, бірақ осы екі топтың ел алдындағы еңбегі таразы басына түсе қалса, руханиятқа қызмет еткеннің еңсесі биіктеп шыға келетіні тағы анық. Аймақ журналистикасының ардагері Өтеген аға Жаппархан жайлы жазарда жасаған байламымыз осы болды.
ТАҒЫЛЫМ
17 мамыр 2018 г.
795
0
2014 жылдан бері елімізде «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Бұл бастама сүттей ұйып отырған отбасыларды дәріптеп, көпшілікке үлгі ету мақсатында қолға алынған болатын.
ТАҒЫЛЫМ
17 мамыр 2018 г.
1 513
0
Елбасы қоғамда серпіліс туғызған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды» деген болатын. Демек, біз ұлы даланы ен жайлаған жұрттың перзенті екенімізді мақтаныш тұтып, сол халықтан шыққан қадау-қадау қайраткерлерімізді кейінгі ұрпаққа өнеге етуіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ғылыми-техникалық интеллигенциясының әйгiлi өкiлi, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерi Ахмет Әділовтің орны бөлек. Ол – туған жерінің ғана емес, тұтас халықтың қамын ойлаған абзал азамат. Елiнің өркендеуi жолында аянбай еңбек еткен жанның бойынан азаматтық, әділеттік және қайраткерліктің үлгі-өнегесін көруге болады. Олай болса, Сыр өңірінің тумасы, қазақ жерiнен шыққан тұңғыш тау-кен iсiнiң генералы Ахмет Әділовке лайықты құрмет жасалып жүр ме?
ТАҒЫЛЫМ
17 мамыр 2018 г.
669
0
Қалмағамбет ақсақал жас кезінен қағілез, елгезек адам болатын. Жастайынан есте сақтау қабілеті мықты әрі білімге деген ынтасы да ерекше болды. Пахтаарал, Сұлутөбе, Тартоғай, Төңкеріс ауылдарында көшіп жүріп әр мектепте оқығанына қарамастан жетіжылдық мектепті бірыңғай «бес» деген бағамен бітіріп шығады.
ТАҒЫЛЫМ
15 мамыр 2018 г.
694
0