МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ МҰСТАФА  ШОҚАЙ

МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ МҰСТАФА ШОҚАЙ

Ежелгі көрші Ресей мен Қазақстан қарым- қатынастары туралы сөз еткенде кешегі патша өкіметінің отаршыл саясатынан қайшылықты жағдайлардың болғаны тарихтан белгілі. Бұл көбіне билік жүйесінің саясатынан туып жатты. Дегенмен, екі халықтың арасында жаңаша  байланыстың, әрісі Батыстың, берісі Ресейдің озық  мәдениеті мен ғылы­мының қазақ қоғамына игі ықпалының да болғанына көз жұмуға болмайды. Өткенге ой жібергенде Ресейде оқып, қызмет еткен қазақтың талай ардақтылары елінің ілгері жылжып, жаңаруына өлшеусіз үлес қосты. Бұған тарих та, бүгінгі күніміз де куә. Міне, осындай тұлғалардың бірі, Алаш қозғалысының оңтүстік қанаты – Түркістан ұлт­азаттық  қозғалысының жетекшісі Мұстафа Шоқай болатын.
ТАҒЫЛЫМ 21 маусым 2018 г. 1 153 0

ПІЛДІ ЖЕҢГЕН ПАЛУАН

Сыр өңірін Қоқан хандығы билеп тұрған заманда өзбек елімен екі арадағы сауда-саттық жайы біршама жолға қойылғаны тарихтан мәлім. Сол замандарда Сыр бойының қазақтары Бұхар шаһарына мал айдап апаратын болған. Осындай саудагерлік сапардың бірінде Есабыз әулиенің шөбересі Шақа баласы Құдайберген де бай кісілердің малын айдасып, Бұхарға барады. Отар-отар қой бірер күнде пұл бола қала ма? Оларға қойын бір мезгіл өріске жайып алып, көбіне қораға қамап, апталап жатуға тура келген.
ТАҒЫЛЫМ 19 маусым 2018 г. 662 0

ЖАРЫҚТЫ БАСПАХАНАҒА БЕРІҢДЕР

Алпысыншы жылдар болса керек, Арал қаласы жарықты энергопоездан алады екен. Бірде қала энергия тапшылығына тап болып, біраз кәсіпорын, зауыттар тоқтап қалады. Электр жарығын үнемдеуге байланысты шектеулер енгізіледі. Осындай қарбалас кезде кешкілік энергопоезд директоры ауданның бірінші хатшысына шығады.
ТАҒЫЛЫМ 19 маусым 2018 г. 643 0
АЛМАТЫДА ҚАЗАҚТАР ОНСЫЗ ДА АЗ...

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚТАР ОНСЫЗ ДА АЗ...

 Ол кезде университет бітіргендерге мемлекеттік комиссия әр облысқа, ауданға жолдама береді және оның мерзімін өтеп келмейінше ізінен қалмайды. Сондай комиссияның кезегі бізге де келіп, Маханбет деген курстасымызға байланысты дау шықты. 
ТАҒЫЛЫМ 19 маусым 2018 г. 673 0
ҚАЛҚАБАЙ ӘБЕНОВТЫҢ ҚАЛАМАҚЫСЫ

ҚАЛҚАБАЙ ӘБЕНОВТЫҢ ҚАЛАМАҚЫСЫ

1978 жылы журфактың үшінші курсын бітіріп, Қызылордаға облыстық «Ленин жолы» газетінен тәжірибеден өтуге бір топ студенттер келдік. Жоғарғы курстан Жолтай Әлмешов, Серік Пірназаров, Бейбітбек Бүркітбаев сынды жігіттер болса, бізден Марат Жүрсінбаев екеуміз. Үлкен орақ науқанына сәйкес келгендіктен екі айдай қарашаңырақта майталмандардың ортасында «қалам сілтеген» болдық. Қазанның басында оқуға жиналып, мінездеме алуға редакцияға келдік. Редактор Қалқабай Әбенов бәрімізді қабылдады. Орынбасарларымен қоса жауапты хатшы Шора Ералиевті шақырып алды. Қалекең өзінің байсалды да байыпты даусымен әңгімесін бастады.
ТАҒЫЛЫМ 19 маусым 2018 г. 806 0
«Өткіздім өмірімнің сәтті шағын,  Арал мен «Қамыстыбас» ауылында...»

«Өткіздім өмірімнің сәтті шағын, Арал мен «Қамыстыбас» ауылында...»

 Апырай, ә!.. Кездейсоқтық па?! Кездейсоқтықтың өзі қажеттілік депті-ау бір білгіш. Аудандық орталық аурухана ардагерлері кеңесінің бір хаттамасы қолыма түсе қалды. Онда үлкен жиын өткені айтылады. Оған 117 адам қатысады. Күн тәртібінде: ардагер-дәрігер Ж.Ж.Өтегеновті «Аралдың құрметті азаматы» атағына ұсыну мәселесі. Танымал ақ халаттылардан: Алдақияр Махамбетжанов, Маржан Рыстығұлова, Ералы Маханов, Жолдасбай Жақсылықовтар сөйлеп, ұсынысты қолдайды. Кеңес төрағасы Н.Халықұлов та мақұлдап, қаулыға мөрін басады.
ТАҒЫЛЫМ 14 маусым 2018 г. 1 041 0
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ (СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ИСАТАЙ ӘБДІКӘРІМОВТІҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ)

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ (СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ИСАТАЙ ӘБДІКӘРІМОВТІҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ)

Исатай аға жайлы бұрын да жазғанмын. Кезінде ол мақалалар «Халық», «Сыр бойы» газеттерінде жарық көрді. «Енді не айтпақ едіңіз» дегендерге жауабым, ұлыларды ұлықтау үшін оның рухани зертханасына үңіле түсу керек. 95 жасқа толатын Исатай аға жайлы жастар үшін айта алмаған дүниелер де баршылық екен. Бізден кейін де аға жайлы айтыла берер,  бірақ өзім түйсінген көп қырларының біріне ғана – қарапайымдылығы мен қайырымдылығына тоқталайын де­ген оймен қолыма қалам алдым. Оның үстіне талайлардың қыршын өмірін қиып кеткен, кешегі Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысып, полктің политругі болған, екі рет артынан «қара қағаз» келген, запастағы полковник біреудің жалғыз ұлы Исатай аға жайлы неге айтпасқа?!
ТАҒЫЛЫМ 12 маусым 2018 г. 849 0
ҰЛТ КӨГІНДЕ ӨШПЕСТЕЙ ІЗІ ҚАЛҒАН

ҰЛТ КӨГІНДЕ ӨШПЕСТЕЙ ІЗІ ҚАЛҒАН

Қазақ халқының ардақты азаматы, аққан жұлдыздай аз ғұмырында соңына мол мұра қалдырған, Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ Ғани Мұратбаевтың елі мен болашақ ұрпағы үшін жасаған еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
ТАҒЫЛЫМ 12 маусым 2018 г. 901 0
ШӨПШЕК СҮЙГЕН ҚОС ҚАРИЯ

ШӨПШЕК СҮЙГЕН ҚОС ҚАРИЯ

Шиелі ауданында тұратын Ишанқұловтар әулетінің тірегі – үлкен үйдегі қос қария. Бүгінде тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді ата мен әженің көлеңкесінен сая іздейтіндер бір қауым елге айналды. Олардың бәрінің басы қосылғанда үлкен үй той-думанға бөленеді.  Қарашаңырақтан түлеп ұшқан әр перзенттің, олардан тараған ұрпақтардың амандығын, бейбіт өмір мен берекетті тірлікті тілеп отыратын Ерғали ата мен Бахира әже ауыл-аймақтың да  қадірлісі. 
ТАҒЫЛЫМ 10 маусым 2018 г. 760 0
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

Елбасының «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жайлы Жарлығының бес жылдығына орай Алматы қаласында өткізілген сайыс мәресіне жетті. Қаладағы 8 ауданнан қатысқан 131 шаңырақ арасынан 16 отбасы ақтық жарысқа шықты.
ТАҒЫЛЫМ 10 маусым 2018 г. 674 0